
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Көкпар» – көкбөрі ойыны немесе аудандағы ахуалы

Сонау көк түркі дәурінен бастау алып, бүгінгі Алаш жұртына мирас болып енген рухани құндылықтар санай берсе, көп емес. Соның бірі де бірегейі көкпар спорттық ойыны. Бұл ойын түрі туыстас қырғыз бен қазақта сақталып отыр. Қалған орта Азия, Еділ бойы бұлғар жұртында там-тұмдап.
Көкпар тарту оңтүстік өңірде жақсы сақталған. Себебі, кеңес билігі кезінде ауыл арасы жиі қоныстанған бұл өлкеде әлсін-әлі жиындарда, астарда ойналып, ата мирастың үзілуіне жол берілмеді. Әлбетте, рухы биік көнекөздер ғой, олар. Ал орталық, теріскей туралы олай айта алмаймыз. Бір кезде «ормандай көп орта жүз» (Бұқар жырау) мекен еткен, қаймағы бұзылмаған қазақы орта үркіншілік, соғыс, ашаршылық сияқты нәубеттерден көп зардап шекті.
Патша уағында да, кеңес кезінде де мұнда жат жерліктер көптеп қоныстанғаны мәлім. Ұлттың азшылыққа ұшырап, діні, ділі, тілі шұбарланған қазағым «байтал түгіл, бас қайғы» күйінде еді. Ұлттық руханияттан ажыраған ұлтты басқару оңайға түсетінін отаршылдар жақсы білді. Сондықтан ұлтқа байланысты дүниенің күллісі мансұқталды.
Біз, орталық өңір қазақтары біраз дүниеден айырылып қала жаздап, қайта қауышқанымызға шүкір етеміз. Тәуелсіздік алғалы бері ауданда ұлт спорты, оның ішінде көкпар жақсы дамып келеді деп айта аламыз. Әсіресе, оны осы 2000 жылдан бері қарай сезінудеміз. Өз басым осы ойынның жанашыры, талай жарысты жүргізуші ретінде көзім жетіп, көңіл қойған бір нәрсе - бәрі де жақсы.
Алайда, «Ат қостым, ат айдаушы қайда деймін» деп жырлаған Ақан сері бабам сынды ой толғасақ. Бәйгенің өзінде бәйгеге қосылған көмбеге жақындағанда ат айдаушы, делебе қыздырушылар қиқулап дем берген. Бұл енді аламанның тәртібі. Ал, көкпардың жөні бөлек. Бұған кеуделі де белді ат, оның күші, мысы, жүйріктігі сыналады. Әрі икемді, бұрылуға, иесінің ымын түйсінуге құмбыл ат қажет. Бұндай ат әрине, сирек.
Біздің аудан палуандары бірнеше жылдан бері өңір намысын бермей, қадари-қалінше қызмет қылуда бұл өнерге. Табысы да бар, әттеген-айы да аз емес. «Көкпар» көбіне аудандық, облыстық спартакиадаларда ойналады да, қалған уақытта сәл үзіліп қалады. Бүгінде ауданның патриот палуан жігіттері, сен тұр, мен атайын деп ақ тұр. Алайда жоғары жақтан бұл өнерге көп көңіл бөлінбеуі өкінішті. Ақша бөлінер, қаржы қарастырылар, алайда ол ауданға жеткенше, аудан спорты бармақ жалап қалады. Әлбетте, бұл менің түйсігім. Артық болса, құдай кешірсін.
Бірнеше жыл бойы ат спортының жүргізушісі болдым деп айттым жоғарыда. Енді жуырда Ерлан Сағитов сынды бапкермен, Қазбек Қабдығаниевтермен сұхбаттасып, тілдескенде білген жәйтімді жеткізейін. Көршілес басқа ауданның халі біз қарайлас екен. Ал оларға сол өңірдің қалталы азаматтары демеушілік жасап, қол ұшын береді екен. Бұл деген үлкен Атымтай жомарттық деген тұжырым жасайсың.
Сонымен, аудан үлкен, халқы да едәуір. Бай-манаптар да баршылық. Осыншама жерді аттың жалында жүріп қорғап қалған бабалар аманатын көтеру – ол ат спорты «Көкпарды» қолдау. Біз газет оқитын қалталы азаматтар болса, намысы болса үн қатар деген үмітпен осы жазбаны көпке ұсынуға ниет еттік. Оған «қабырғасы жоталы, болса күшті» (Абай) дейтіндей ат, жем-шөбіне, жүріс-тұрысына (анда-мында жарысқа баруына) демеу жасар жандар табылса құба-құп. Ауданның намысқой, ұлттық рухы биік жігіттері қай жарыста болмасын алда жүруге әзірміз деген уағдасын беріп отыр.
Қ.Шыныбектегі
Бұқартанушы