taza-kaz

Атауында көшемнің, Аталмай тұр өз ныспың...


19.01.2023

Бұқар жырау ауданы облыстағы іргелі аудан боп саналады. Қарағанды, Теміртау қалаларының біраз аумағы біздің аудан еншісінде.

Іргесі сонау 1938 жылғы зобалаң кезінен көтерілген аудан орысша атаудан көз ашпай, ақыры 1997 жылы Бұқар баба ныспысын иемденді. Сол кездегі үміті мол жандар үшін қандай қуанышты жәйт еді! Шүкір, биыл 25 жыл өтіпті. Атап өтетін жайт.

Марқұм Шопанай аға есімі оралады ауызға. Баба есімінің асқақтауына жарғақ құлағы жастыққа тимеп еді. Бұқар бабаға байланысты Серік Ағыбаев ағамыздың еңбегі ерен.

Сол кезеңнен аудан көлеміндегі елді мекендер тарихы атауына ие бола бастады. Біраз мезгіл тоқырап та қалды. Заманның ағысы бірде олай, бірде бұлай.

«Таң атпайын десе де, күн қоймайды» демекші, қазақ рухани тіршілігі әупірімдеп болсын алға жылжуда. Біз оны аудан төңірегіндегі елді мекен, көше атауларынан байқаймыз.

Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметі бойынша ауданда 29 округ, 68 елдімекен бар екен. 68 елдімекеннің 50-і қазақша атаумен таңбаланған. Яғни, 73 пайызы. Барша 437 көшенің тек 195-і ғана ана тіліне байланысты жаңғырған. Бұған ономастика не қарап отыр деген сұрақ туындайды. Бірнеше ұсыныс-пікір айтылып, жазылғанымен, мониторинг т.б. оның үстіне тұрғындардың әрекеті үлкен бөгет болуда сияқты. Аймақтағы ауыл-кенттер, көшелердің 242-ескірген атаулар, 18 ауылдыкі көнерген, бөгде тілде мөрленген.

Ленин, Октябрь, Совет, Комсомол т.б. кеңестік жүйенің таспихты сөздері мызғымай тұр. Бір Ленин атауын иеленген 7 көше бар екен ауданда. Бұған не айтарсыз?!

Бір шүкір етерлігі, Керней, Ботақара, Үштөбе,Үміткер, Баймырза, Ақтөбе ауыл-кенттерінің көшелері түгелге жуық қазақыланған.

Мен мақтанды демеңіз, аудан орталығының Ботақара есімін иеленуіне бірден-бір себепкер болған жанмын. Менің әнім – «Ботақара вальсі» 1992 жылы туған ән 1993 жылы Бұқар бабаның 325 жылдық тойында шырқалды. Содан осы күнге дейін айтылып келеді. Ел аудан әнұраны деп қабылдаған еді.

Бұл жөнінде республикалық бірнеше басылымдарға зерттеу мақала, ғылыми жоба, ғылыми кітаптарға және бірнеше түрлі әндер жарияладым. Көзіқарақты қауым оқыды, тұшынды.

Осы жазбаларды жазып отырған соң, еске түсіп отырған нәрселер ғой. Жасымыздан анау неге  олай, мынау неге бұлай деген сұрақтар алқымнан алушы еді. Сосын қой, өзіміз неге сүйтпеске деп, қолда келген харекет жасағандық, нәтижесі бар сияқты.

Сонау Алаш зиялыларынан, кейін ұлтшыл қаламгерлерден там-тұмдап бойға дарыған  ұлтқа қызмет ету деген харекетті  жандыру, жандандыру «жүрегі айна, көңілі ояу» жандар – сіздер мен біздердің еншімізде

Қ.Шыныбектегі

Бұқартанушы,

журналист



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?