
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Бабадан қалған асыл сөз»

Кентіміздің орталығында орналасқан музейдің қызметкерлері жыл он екі ай бойына үзіліссіз ауданымыздың оқушылары мен ересектері үшін мәнді де мағыналы шаралар өткізіп жатады. Желтоқсан айының 23-жұлдызында өткен тамаша шара Қазыбек би бабамызға арналған болатын.
Музей қызметкері Перизат Қарағұлқызы шараны:
- Артынан өшпес із қалдырған Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың туғанына 355 жыл. Ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де озық ойлы, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын аңғартады. Осындай қасиеттері үшін әз-Тәуке Қазыбекті Орта жүздің бас биі еткен. Ханның тұсында кеңестің беделді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне араласып, ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыру туралы ақылы мен кеңесін берген, - деген сөздермен ашты.
Онан соң кездесудің құрметті қонақтарымен – Қазыбек бидің ұрпағы Мұрат Әкенов, Төкен Арбабаев, Қанағат Жұмашұлы, Тілеубек Есмағамбетов ағалармен таныстырды.
Бұл кісілердің ауданымыздың дамуына қосқан үлестері ұшан-теңіз. Бар күшін еліне арнаған жандар бүгінде зейнет демалысында. Ұнатқан істерімен айналысып, туған-туыспен араласып, немере-шөберелердің қызығын қызықтап жүрген ағаларымыз ауданымызда өтіп жататын түрлі шаралардың қонақтары және ондай жерде шараның ажарын келтіріп, көрермендерге әдемі сезімдер сыйлап, жүректерінде өшпес әсер қалдырады.
Қазыбек би бабамыз туралы көптеген зерттеу жұмыстары жасалған. Серік Сексенұлы атты журналист ол кісі туралы бейнеролик дайындаған екен. Осы мағыналы бейнероликті көрермендер қызығушылықпен тамашалады. Ауданымыздың күміс көмей әншісі Азамат Амантайұлы әннен шашу шашты.
Аға ұрпаққа деген ақжарма тілектерін Орал Ынтуқызы тебірене жеткізді.
Осы шараға 2021 жылы Қарағанды қаласының мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін «Шабыт» номинациясының жеңімпазы атанған жерлесіміз Байбол аға Әлшаров шақырылған екен. Белгілі бір себептермен келе алмаған ол кісі жайында қысқаша бейнеролик көрермендер назарына ұсынылды.
Осы шараға келген Мұрат Жұмажанұлы, Тілеубек аға да сөз алып, Қазыбек би бабамыздың аруағына бас иіп, жыл сайын құран бағыштауға өз үлестерін қосып жатқандарын айтып берді. Қанағат Жұмашұлы ағамыз да қазақтың қара домбырасымен кеш қонақтарын бір серпілтті.
Азамат Амантайұлының әнінен соң Төкен Арбабайұлы ағамыз музей ұжымының атынан Мұрат Жұмажанұлының иығына шапан жапты. Байбол Жолдасбекұлы музей қорына өзінің туындысы «Қазыбек бидің уақытша тұрағы» деп аталатын картинасын сыйға тартты.
Қ.Ахметова
Ж.Макишевтің суретінде: естелікке сурет.