
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті

Бұқар жырау аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы күні аясында «Тарих - мәңгілік дастанымыз» атты кент, ауыл және ауылдық округтер арасында көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті өтті. Әр аймақтан келген өнерпаздар өз өнерлерін көрермендерге тарту етті.
Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының арасында өткен «Сарыарқаның әуендері» атты халық шығармашылығының облыстық байқауының нәтижесін естеріңізге сала кеткенді жөн көріп отырмын. Шараға облыс бойынша барлығы 300-ге жуық өнерпаз қатысты. Байқау мәдениет үйлері мен мәдени-демалыс орталықтары арасындағы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен өтті.
Бір ай ішінде қазылар алқасы жеті ауданға барып, қазақ қолөнері, сондай-ақ театрландырылған концерттік бағдарламаларын тамашалады. Нәтижесін жариялау мақсатында Қарағанды кеншілер мәдениет сарайында гала-концерт және үздік көркемөнерпаздар ұжымдарын марапаттау сәті өтті. Аудандар арасында бас жүлдеге Бұқар жырау ауданының қатысушылары ие болды және 1000 000 теңге ақшалай сыйлық табысталды. Осакаров ауданы бірінші орынға лайық болса, екінші орынды Ақтоғай және Нұра аудандары бөлісті, үшінші орынды Қарқаралы, Шет және Абай аудандары иеленді.
Ал енді «Тарих - мәңгілік дастанымыз» атты кент, ауыл және ауылдық округтер арасында өткен көркемөнерпаздар байқауының нәтижесі де белгілі болды. Аудан әкімінің орынбасары Ә.Шайкенова 20 мың теңге ақшалай сыйлықпен және Бұқар жырау ауданының алғыс хатымен Баймырза, Центральный, Қарақұдық, Ақтөбе, Ростовка, Новоузенка, Бұқар жырау ауылы, Қызылқайың, Қаражар, Петровка, Тұзды, Белағаш, Үміткер, Ақөре, Көкпекті ауылдық округтері марапаттады. Аудандық мәслихат хатшысы Асхат Әли клубы жоқ елді мекендерді ескере отырып, мәдени ошақтары бар елді мекендерді аудан әкімінің алғыс хатымен - Доскей, Үштөбе, Жаңаталап, Петровка ауылдарын және ауыл әкімдерін марапаттады. Жүлделі орындармен марапаттау үшін сахна төріне аудан әкімі Н.Кобжанов шақырылып, ІІІ-орын иегерлері Ботақара,Тоғызқұдық, Керней, Ақбел, Доскей ауылдарын 70 мың теңге ақшалай сыйлықпен және дипломмен марапаттады. ІІ-орынды иеленген Үштөбе, Қушоқы, Шешенқара ауылдарын 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен және дипломмен марапаттады және І-орын иегерлері Самарқанд, Жаңаталап ауылдары 150 мың теңге ақшалай сыйлықпен және дипломдармен марапатталды. Жүзден жүйрік атанып, Бас жүлдені Ғ.Мұстафин кенті иеленіп, 200 мың теңге ақшалай сыйлықпен және дипломмен марапатталды.
Атаулы күні жүлделерге ие болған қатысушылардың өнері мен еңбегін атап өтпеске болмайды. Мысалы, Жаңаталап ауылының «Елім-ай» қойылымы жүректі елжіретіп, көзге жас келтірсе, дәл сол секілді Шешенқара ауылы көркемөнерпаздар ұжымының «Алтын заман-ай» көлеңкелі композициясы қойнауы тереңде жатқан тарихымызды еске түсіріп, бейбітшілік заманымыз үшін шүкіршілік етуді үндегендей. Қушоқы ауылы кинолента форматында Қазақстанның даму тарихын көрсетсе, Сарытөбе орта мектебінің ұстазы Жомарт Малик ағаның ұлттық колөнер туындылары менмұндалап тұр. Бұйымдарды көргенде ауданымызда осындай көненің көзін қастерлі еткен тұлғалардың барына шын қуанып қаласың. Үштөбе ауылының көрмесіндегі кестелеп тігілген ұлы тұлғаларымыздың портреті де көздің жауын алады. Осы шаралардың басы-қасында жүріп, үлкен жауапкершілік арқалаған Бұқар жырау аудандық мәдениет үйінің басшысы Қазбек Талашевпен сұхбаттасқанымда:
- Халық осындай шараларды сағыныпты. Жылдағы дәстүрге айналған шарамыз карантин басталғаннан бері 3 жыл өз жұмысын тоқтатқан еді. Енді биыл қайтадан қолға алынды. Бұрынғы жылдардан өзгешелігі - алғыс хаттармен марапатталатын округтерге ақшалай сыйлық үлестірілмейтін еді, тек бас жүлделер иеленіп жүрді. Биыл ешкімді ренжітпедік. Барлығы тамаша деңгейде өтті. Ең бастысы барлығы риза, - деді.
Марапаттау сәтінен, көрмеден бөлек өткізілген концерттік нөмірлері де ерекше болды. «Ұлы дала» композициясы, «Үкілі әуен» әні, «Менің Қазақстаным» әні, дәстүрлі әндерден ән шашу, Гаухар Қаспақованың репертуарынан «Туған жер» әні, «Ауылды ұмытып кетпеңдер» әні , «Қуан жұртым» өлеңін оқыған Қанария Сәлімгереева, «Ботақара баурайында», Батырхан Шекеновтың репертуарынан «Отан-Ана» акопелласы, «Мен сені сүйемін - Қазақстан» әні, «Пастухи и барашки» биі, «Эдельвейс» үлгілі хореографиялык ансамблі «Аққұм» әні, «Мир без войны» - «Гүлдер» бишілер тобы, «Жаңа ғасыр вальсі» әні, «Асыл арман» әні, «Ботақара баурайында» халықтық фольклорлық ансамблі сүйемелдеуінде Шәмші Қалдаяқовтын әніне жазылған «Ақ маңдайлым» әні , «Қазақ елі осындай» әні және МузАрт тобының репертуарынан «Қазақтай ел қайда» әнімен шымылдығын жапты.
А.Ерубаева
Д.Торжановтың суреттерінде: дүбірлі шара көріністері.