taza-kaz

«Сарабдал жазушы - Ғабиден Мұстафин»


03.12.2022

Қазақ әдебиетiнiң классик жазушысы, көркем сөздiң хас шебері, қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, ҚазССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы ҚазССР мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдық мерейтойына арналған iс-шаралар жыл бойы аталып келеді.

Сондай рухани шаралардың бiрi қараша айының 25-жұлдызында Ғабиден Мұстафин кентіндегi мәдениет үйiнде ұйымдастырылған ғұлама жазушыға арналған шараға елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен сыйлы қонақтар келдi.

Сахна шымылдығы «Эдельвейс» үлгiлi хореографиялык би ансамблiнiң «Менің Қазақстаным» композициясымен ашылып, жүргізушілер Е.Қалиев пен Б.Құдайберген ғұлама жазушы туралы тың деректердi көрермендерге жеткiздi.

Бұл күнi сахна төрiнде Бұқар жырау аудандық мәслихатының хатшысы А.Әли, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ә.Әлімбаев, Ғабиден Мұстафиннің нағашысы Ә.Құсайынов, немересі М.Құрманғалиева ақжарма тiлектерiн ақтарып, оқығанынан тоқығаны көп, табиғатынан дарынды, дала даналығын, замана жақсылығын бойына сiңiрген Ғабең бір ғана аймақтың жазушысы емес, халық жазушысы, ұлтымыздың мақтанышы екенiн тiлге тиек етті.

«Миллионер» пьесасын аудан өнерпаздары шеберлiкпен ойнап берді. Қоюшы режиссер Зәуре Төлеубаева, Ғ.Мұстафиннің ұлтына қалдырған ұлағатты қанатты сөздерiн Токаревка тiрек мектебі ресурстық орталығы оқушылары мәнерлесе, Н.Боцман жетекшiлiк ететiн «Эдельвейс» үлгілі хореографиялық ансамблі әсем билерiн тарту етті, Ғабиден Мұстафинге арнауларын оқыған Ж.Елжанов пен Р.Жылыбай болса, балалар саз мектебі ұжымы күмбiрлеген күйлерiн тарту етті. Қ.Талашев, Ж.Хасенова, А.Амантайұлы, Т.Уаштың отбасылық дуэті және А.Бердімұрат, Ғабиден Мұстафин кенті балалар саз мектебiнiң ұстаздарынан құралған квартет әсем әннен шашу шашты. Ақтөбе ауылының дарынды әншісі Д.Беген «Қазақтай ел қайда» әнiмен шараны түйіндеді.

Қазақтың маңдайына бiткен біртуар дара тұлғаның өзiмiздiң жерлес екенiн мақтан етеміз.

А.Ерубаева

Ж.Макишевтің суретінде: тартымды шара сәттерінің көріністері.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?