
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ұлт мақтанышы

Ағымдағы жылдың 24-қарашасы күні Бұқар жырау ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, кітапханаларды дамыту бөлімінің бастамасымен Мұстафин кенттік көпшілік және балалар кітапханаларының ұйымдастыруымен сарабдал жазушы, әдебиеттің сары атаны Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Ұлт мақтанышы – Ғабиден Мұстафин» аудандық байқауы бойынша «Алаштың сен мәуелі бәйтерегі» атты қорытынды кеш Мұстафин кентінің Мәдениет үйінде өтті.
Мәдениет үйінің фойесінде байқау жұмыстары бойынша ұйымдастырылған «Тіл қаруы -сөз, сөз қаруы - ой» оқырман эсселері, «Асыл сөз мәңгі жасайды», «Шын жүйрік алдын бермейді» сурет, лэпбуктармен көрмелер көпшілік назарына ұсынылды.
Кітапханашылар мен байқауға қатысушы оқырмандар, жергілікті тұрғындармен толған мәдениет үйіндегі шара «Ғабең деп Сарыарқасы ән салады» атты әдеби-сазды композициясымен ашылды. Композицияға қатысқан оқырмандар - кернейлік Нұрислам Мейрамбек, қарақұдықтық Дәурен Мүкеев, үштөбелік Құдайберген Оркен, шешенқаралық Диляра Амантаева, кітапханашылар Гүлжауһар Сайлау, Еркем Смағұлова, Ж.Нұрқанов «Аңсау», А.Тиыштыбаев «Арнау», С.Сматаевтың «Қуырдақтың иісі», Н.Айтұлының «Ғабиден қазасына», С.Бексейіттің «Бәйтерек» атты Ғабеңе арнап жазылған өлеңдерін мәнеріне келтіре оқыды.
«Эдельвейс» би ансамблінің қыздары «Шашу» биімен жазушының мерейтойлық шарасына шашу шашты.
«Руханият» қосымша білім беру орталығының вокал сыныбының мұғалімі Ақзер Мұхаметқали М.Сәулебайдың «Қазақстан», Доскей ауылдық кітапхана-клубының мәдени ұйымдастырушысы Дариға Біләлова Қ.Кәрібаевтың «Туған жерге сағыныш» әнін шырқап, көпшілік көңілінен шықты.
Токаревка орта мектебінің мұғалімдері – Санақ Жылыбай, Даниял Омашев, Халел Сұраған Ғабиден Мұстафин ат қойған, рухты әні «Жас қазақ» тарихынан сахналық көріністі ұсынса, Нұра ауылдық мектебінің мұғалімі Сәуле Шаихова қасиетті қара домбыра үнімен әуелетті.
Нұра ауылдық мектебінің оқушы балалары Ғабеңнің шығармалары бойынша кітаптар керуенін көрсетіп, қанатты сөздерін оқып, көпшілікке тағылымды ой түйгізді.
Шешенқаралық жас оқырмандар Аңсар Орал «Ғабиден атаға хат» көрінісімен бүгінгі ұрпақ сағынышы мен уәдесін жеткізсе, Анар Адамбай «Адам еңбегімен көрікті» эссесімен қаламгерлік дарынын көрсетті.
Осылайша тағылымды шара «Ғабеңнің ізі сайрап жатыр әлі» атты бөлімімен марапаттау кезеңіне ұласты.
Кітапхана шарасына қолдау көрсетіп арнайы келген қонақтар Н.В.Гоголь атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасының облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Қарашова және облыс кітапханаларын дамыту бөлімінің кітапханалық менеджмент секторының кітапханашысы Гүлназ Мұхамбетчина кент кітапханасына әкелген кітаптарды сыйға тартып, шараға белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыстау мәртебесіне ие болды.
«Ұлт мақтанышы - Ғабиден Мұстафин» аудандық байқауының эссе, жарнамалық ролик, лэпбук, сурет номинацияларының жеңімпаздарын қазылық еткен алқа мүшелері С.Дәулетханұлы, А.Әлжан, А.Акишев, С.Мақан, Б.Жаукешова, Ж.Мақышев дипломмен, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Екі сағатқа жуық созылған әдемі шараның шымылдығын Үштөбе ауылдық кітапхана-клубының мәдени ұйымдастырушысы Балхаш Абенов «Елім менің» әнімен жапты.
А.Ерубаева
Ж.Макишевтің суреттеріңде: өнерпаз оқушылар; марапат иелерін тапты; залдағы қонақтар; ең жас жүлдегер.