
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Ғабиден залы» ашылды

Биыл әдебиеттің сары атаны, үлкен жүрек иесі, дара да дана Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120-жыл толып отыр. Осы орайда, өлкемізде атаулы күнге орай түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі де бірегейі Ғ.Мұстафиннің кенттік кітапханасы жанынан «Ғабиден залының» ашылуы.
Атауы осы тұлғаның атына берілген өлкеде бүгін жазушы есімі ұлықталуда. Шараға аудандық мәслихат хатшысы Әли Асхат Сағадиұлы мен аудан әкімінің орынбасары Шайкенова Әлия Елубайқызы қатысты.
Дала классигіне арналған танымды шараға тыңғылықты дайындық жасап, абыроймен атқарған Мұстафин кенттік модельді кітапханасының меңгерушісі Гауһар Досымханқызымен сұхбаттасқан едік:
- Шара жоғары деңгейде өтті. Ине шаншар жер болмады. Ұлы жазушының ұрпақтары қатысқан шараға тыңғылықты дайындалдық. Қолымыздан келгенше тың ақпараттар іздеп, жазушының мерейтойын абыроймен атап өтуді өзімізге міндет еттік. Тілегіміз орындалды. «Ғабиден залы» - біздің мақтанышымыз, - деді өз сөзінде және де шара барысы туралы баяндап берді.
Гауһар Досымханқызының сөзінше дәліздегі қарсы алу сөзінен соң, лента қию рәсіміне кезек берілген.
Бұл құрметті рәсім Бұқар жырау ауданының құрметті азаматы Рахимов Амантай Рахимұлына және профессор Әбілда Омарханұлына бұйырыпты.
Ашылу салтанатынан соң залға енген құрметті қонақтарға, Ғабең залына арнайы шолу жасалған. Кіре берістегі оң жақ қабырғада жазушының өмірдерегіне арналған стенд ілінген, сәл төменірек сия-сауыт пен қолжазба қойылған жазушы үстелі орналасқан. Залдың қақ ортасында сарабдал жазушының айқын портреті менмұндалап тұр. Портрет жанына қойылған шағын ғана сөреде жазушының 1954 жылы жарық көрген «Қарағанды» кітабы және де өзге де кітапхана қорында бар шығармалары орын тапқан. Жазушының қызы аманаттап тапсырған, құнды заттар легінде айтпай кетуге болмас, ол әрине шапаны, тірлігінде тұтынған бас киімдері мен тақиялары. Ғабиден Мұстафин десе, қазақ қоғамына жазушылық пен қатар, шахта елестейтіні анық. Себебі Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған «Өмір мен өлім» атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығармашылық жолдың бастауын белгілеген еңбек еді. Осы орайда өзінің жеке тұтынған дүниесі болмаса да, жазушының өмірінің бір бөлшегін еске салып тұратын заттар шахтерлер каскасы, көмір және қайла қойылған. Одан бөлек заманауи «Шежіре тақтай» орнатылған және ең қызығы бөлмеге кіріп келгенде байқамасқа болмайтын ерекше форматтағы жалюзилер ілінген. Жалюзидің бірінде Қарағанды шахтасының суреті тұрса, енді бірінде Шығанақ Берсиевтің суреті бейнеленген. Кітапхана ішінен орын тапқан шағын ғана бөлмеге ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын сыйғыза білген кітапхана қызметкерлеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Ғабеңнің мынадай сөзі бар: Бойы биік, көлеңкесі шағын, бойы аласа, көлеңкесі көлемді ағаштар бар. Адам да сол сияқты. Бойың биік болғанша, ойың биік болсын, көлеңкең шағын болғанша,бойың шағын болсын. Осы сөзді кейінгі ұрпаққа қалдырғанда, өзі туралы айтып жатқанын білді ме екен, саналы ғұмырын сауапты да жауапты өткізген сарабдал жазушы...
А.Ерубаева
Ж.Макишевтың суреттері