taza-kaz

«Бұқарекең жырлайды»: аудио кітабының тұсаукесері


12.11.2022

«Рухани жаңғыру» бағдармасы аясында «Birgemiz» жалпыұлттық жобасының «Birgemiz: Asyl mura» бағыты бойынша шығарылған «Бұқарекең жырлайды» атты аудио кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Қараша айының 9-жұлдызында «Рухани жаңғыру» бағдармасы аясында «Birgemiz» жалпыұлттық жобасының «Birgemiz: Asyl mura» бағыты бойынша шығарылған «Бұқарекең жырлайды» атты аудио кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінде орналасқан Бұқар жырау Қалқаманұлының ескерткішінде рухани шара «Ұлылар Ұлағаты» театрландырылған көрінісімен ашылды.

Үлгі болар дана тұлға ескерткішіне гүл шоқтары қойылып болған соң, баба рухына Бұқар жырау ауданы Жыржыс қажы мешітінің найб имамы Т.Ибраев құран бағыштады.

Бұқар жырау аудандық мәслихатының хатшысы А.Әли және Бұқар жырау Қалқаманұлының ұрпағы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы» М.Шибаева салтанатты лента қию рәсімін жасады.

55 толғауын толығымен мәнерлеп, нақышына келтіріп орындаған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Қ.Кемалов ағамыз және А.Әли мен М.Шибаева құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін ақтарды.

Жас талант Бұқар жырау атындағы жыршы-жырау сыныбының шәкірті Е.Расул Бұқар бабаның толғауын орындады.

Жалпы бабалар мұрасын келешек ұрпаққа жеткізіп, рухани жағынан сусындату баршамыздың патриоттық парызымыз деп білеміз.

Еріктілерге арналған Қарағанды облысы және Бұқар жырау ауданының грантын жерлесіміз Ж.Макишев жеңіп алып, грантын «Бұқарекең жырлайды» атты аудио кітапты шығаруға ниет білдірген екен.

Рухани шараның жаршысы болған Жанұзақ мырзамен өткен сұхбатта: аудио кітаптың дизайнын жасаған «Қарағанды суретшілер одағы» қоғамдық бірлестігінің және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Е.Темірғалиев болса, ауданымыздың патриот азаматы А.Жұмағұлов өзінің ағалық ақыл-кеңестерін беріп, жан-жақтағы өнер иелерімен арзан бағаға келістіріп, жоғарыда аталған аудио кітаптың шығуына зор үлес қосса, жыр-толғауларын аспапта орындаған Серік Жақсығұлов, Дидар Қамиев, Армат Исламғалиев, Мұхтар Әділов, Фархат Оразов  және Бұқар бабамыздың асыл мұрасын аудио кітап етіп жарыққа шығуға ат салысқан барша азаматтарға аудан жұртшылығы атынан зор алғысымызды білдіреміз, - деді.

Тұсаукесер рәсіміне қолдау көрсеткен аудан әкімі Н.Кобжанов бастаған аудан әкімдігіне,  аудандық мәслихаттың хатшысы А.Әлиге, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Теміржановқа, аудандық мәслихат депутаты А.Акишевке,  Б.Құдайбергенге, Бұқар жырау аудандық мәдениет үйінің қызметкерлеріне шынайы жүректен рахметімізді айта отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілейміз.

Бұқардай бабамыздың даналығын берсін! Қолдайтын елі барда, бабалар мұрасы мәңгілік қала бермек.

А.Ерубаева

 

Д.Торжановтың суреттерінде: сахналық көрініс; тарихта қалған тартымды сәттер.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?