
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Тартымды кездесу

Өткен аптада ішкі туризмді дамыту мақсатында бірқатар ел ағаларымен Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебінде кездесу кеші өтті. Әдемі әңгімелермен өрілген кездесуден кейін қонақтарымыз ауданымыздың тарихи жерлерін аралап қайтты.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны және Елтаңбасы, Туының шығу тарихы» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған кездесу кешінің қонақтары - академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жамбыл Жұмабеков, биология-география факультетінің деканы, география ғылымдарының кандидаты, доцент Серікболат Талжанов, биология-география факультетінің аға оқытушысы, географ-эколог, өлкетанушы, зерттеуші ғалым Ернар Кейкин еді.
Қарағандыдан Ақбел ауылына ат терлетіп келген ел ағалары оқушыларға дәріс сабақтарын жүргізіп, елдігіміздің тұғыры - рәміздеріміздің шығу тарихы мен авторлары жөнінде елінің әр патриоты білуі керек ақпараттармен бөлісті. Сондай-ақ, оқушылар тұшымды сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды. Кеш қонақтары мектеп ішінде орналасқан мұражаймен танысып шықты. Келген қонағын құралақан жібермейтін қазақтың салты бойынша қонақтармызға кітап сыйға тартылды.
Мектеп оқушыларымен өткен кездесуден кейін жалпыұлттық «Asyl мura» жобасы аясында екі жыл бойы атқарылған жұмыстар нәтижесі қонақтарымызға таныстырылды. Айта кету керек, аудандық мәслихат депутаты Амантай Акишевтің бастамасымен ауданымыздың аумағында ескерусіз, қараусыз қалған көне жер-су, қорымдар мен қорғандарына зерттеу жұмыстары жүргізіліп, арнайы тас белгілерін қою қолға алынған болатын. Бүгінде ауданымыз бойынша аталған жоба аясында 10-нан аса тас белгі қойылып, тарихымыздың бір бөлігі өз белгісін тапқан жайы бар.
Қазыбек бидің ұрпағы Алшынбай Тіленшіұлы мен Жаңақала ауылында орналасқан аштық құрбандары қорымының басына барып, аруақтарға құран бағыштап, ел тыныштығын тілеп қайтқан ел ағаларының сапары Доскей ауылда жалғасты. Сапар барысында Доскей ауылы маңында ескерусіз қалған аштық құрбандары қорымына заң талабы бойынша гранит тастан тас белгі қою мәселесі талқыланды. Екі тараптың қолдауымен жақын арада бұл қорым басына белгі орнатылатын болып шешілді.
- Осындай мәдени шараны ұйымдастырушы Амантай Акишев пен Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектебінің директоры Сәкен Алиленовке ризашылығымыз зор. Сәкен Алиленовтей басшысы, Амантай Акишевтей қолынан өнер тамған ұстазы, Жасұлан Хамитовтай өлкетанушы, шежіреші, сөз ділмәрі барда Ақбел ауылынан талай мықты жастар шығарына сенеміз. Көп дүние көрдік, көңілге түйдік, - деп өз тілегімен бөлісті Ернар Кейкин.
Мәдени шараға жиналған оқушылар білімді, білікті ағаларынан тың ақпарат алып, көңілдеріне тағылымды ой түйе білді. Бұл кездесу жаңа жаңалықтар ашу мен жаңа белестерді бағындырудың басы іспетті. Себебі, мәдени шараның әр қатысушысы кеңде қалмай, әрқайсысы өзіне керектісін ала алды.
Б.Жакешова
Суреттерде: Ж.Хамитов қонақтармен; естелікке сурет.