
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Кемеңгер сөздің көсемі»

Қазақ әдебиетіндегі орны мен халық жүрегіндегі орнын қатар тауып, сол халықтың байсалды жыршысы болып, онымен ұзақ жолын, ақындық жолын бірге кешкен нағыз халықтық таланттардың бірі - Ғали Орманов еді. Биыл Ғ.Ормановтың туғанына 115 жыл толып отыр.
Ғали Орманов 1907 жылы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, Ешкіөлмес тауының етегінде дүниеге келген. Ол он жасында әке-шешесінен айрылып, жетім қалады да, туысқандарының қолында тәрбиеленеді. Ғали бала кезінде жыршылардан өлең-жыр, қисса-дастандар үйреніп, өзінің әдебиетке құмарлығын байқатады. «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Алпамыс» сияқты қисса дастандарды, «Біржан мен Сара», «Кемпірбай мен Шөже», «Бақтыбай мен Мәйке баланың» айтыстарын жаттап алып, домбыраға қосып жиын-тойларда айтып жүрген ол жастайынан жыршы бала атанады.
Ақынның таңдамалы шығармалары қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орынға ие. Лирикалық кейіпкердің жан тебіренісі мен ой-арманын таныта білген ақынның сыршыл өлеңдері қазақ поэзиясының деңгейін көтере түсті. Ғали ақын шығармашылық қызметін бастаған жиырмасыншы жылдар ел өміріндегі ірілі-ұсақты оқиғаларға толы болатын. Заман талабына сәйкес тақырыптардың барлығы сюжетке, сезімге құрылған сыршылдығымен, аз сөзді, көп мағыналылығымен, бейнелілігімен Ғалидың ақындық шеберлігін танытты. Ақын эпикалық жанрға да үлес қосты, әңгіме, очерк жанрында да қолтаңбасы бар, орыстың, шығыстың классикалық үлгілерін аударып, қазақ әдебиетінің аударма саласында да біршама үлес қосып, ірі істер атқарды.
Қазақтың келіскен көркем сөзі тірі тұрғанда – Ғали ағаның дәмді де сазды өлеңдері өлмейді деп сенеміз.
А.Ерубаева,
аудандық балалар
кітапханасының меңгерушісі