taza-kaz

Уақыттың талабы - жаңа әліпби


16.07.2022

Әлемдік коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие латын әліпбиіне көшу – маңызды қадамдардың бірі, өркениетке жетудің басты жолы болып табылады. Себебі латын әліпбиі ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың, интернет пен ақпараттық технологиялардың тілі. Физика, математика, химия формулалары, мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер, дәрі-дәрмек атаулары, халықаралық терминология – көбінесе латын әліпбиімен жазылады.

Мектепте шет тілі ретінде ағылшын тілі оқытылатындықтан, жастар да латын әліпбиін тез қабылдайтыны сөзсіз. Сондықтан, ынта болса латын әліпбиіндегі қазақ жазуын тез меңгеріп алуға болады деп ойлаймын.

Қазір адамдардың  көпшілігі әлеуметтік желілерде отырады. Сонда отырып та латын графикасында жазуды үйрене беруге де болады. Негізі, 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиде жазу жүйесі енгізіліп, қолданып келгенін  айта кету керек. Қазіргі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі еліміз өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері жиі айтылып келеді. Соңғы кезде кейбір түркі тілдес елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес.

Әліпбиімізді латын графикасына көшіру арқылы тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға және қолданыс аясының одан әрі кеңейе түсуіне мүмкіндік туады.

Тіл білімінің негізін қалаған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Жақсы әліпби тілге шақ болуы керек. Артық әріптері көп әліпби қолайсыз болады». Осы талапты ескере отырып, жаңа әліпби жан-жақты талқыланып, әрбір әріп, әрбір таңба, әрбір белгі терең талдануы қажет. Жаңа латын әліпбиі қолдануға ыңғайлы, жаңа технологияларға бейімделген, қазақ тілінің маңызды дыбыстары ескерілген алфавит болуы тиіс деп ойлаймын.

Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді мүмкіндік туады.

Қазір әлемдегі халықтың 80 пайызы латын графикасын игеріп, пайдаланып отыр, әлемдегі ақпараттың басым бөлігі осы таңбамен таратылады.

М.Төлеуов,

Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің маманы                                                                                       



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?