
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Қазақ халқының ұлы көсемі»

Бұл қазақтың, алаштың Ақаңа шынайы берген бағасы болар. Жоқтан бар жасау, шиден үй жасау дейтіндей тірнектеген еңбегі Ақаңды қазақтың көсемі һәм шешені етті.
Біз сөз етіп отырған Ақаң, Ахмет Байтұрсынұлы жөніндегі жылы лебізімізді қазақ халқының ұлт көсемі деген тақырыппен алдық. Соған келейік.
«Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмыскер керек», «Қазақ – жоқшы, жоғын іздеген қуғыншы», «Сөз жазатын адам – әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шынайы, ажарлы болуына – ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына – сыншылдық керек. Мағыналы, маңызды болуына - білім керек.
Бұл сөздерді «Көсемнен қалған көшелі ой» атты кітапшадан алдым.
Аудандық кітапхана қызметкерлері кестелеген кітапшада Ақаңның небір ғибратқа толды көшелі ой, сөздері жетіп артылады.
Енді осы кітапхана қызметкерлері туралы бірер сөз айтуды жөн көріп отырмыз. Ауданға белгілі, облыс, елге мәлім тұлғалар жөнінде түрлі шаралар өткізу – бұл кісілердің бұлжымас заңы. Жуырда жергілікті ақын Р.Нәрешев жөнінде еске алу әдеби кеші өтті. Оған балалар қатысты.
Ол кісі жөнінде өлең, эссе сайысы өтті. Оның алдында А.Байтұрсыновқа арналған сайыс, біліктілік жөніндегі викториналық білім жарысы да кең орамды іс болды. Бұндай шараларға көрермен, қатысушы тарту оңай емес. Сондықтан, мәдениет майданының жоғын жоқтап, майын шыжғыруын кітапхана қызметкерлерінің қызметіне оқырмандар мен тұрғындар тарапынан қолдау қажет. Билік тарапынан демеу қажет.
Сіз айтарсыз, олардың қызметі, солар істесін деп. Жоқ, «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен кітапхана» (Ә.Кекілбаев) демекші, кітап оқушылар саны азайған сайын, жабайы ойлылар көлбеңдей бастады.
Рухани майданда білек сыбана қызмет ету – ол Ақаң сынды ұлы көсемінің өсиетін орындау, һәм қасиетті борыштың бірі. Борыштың, аманаттың әрдайым киелі болатынын дәлелдей беріңіздер, рухани майдан сарбаздары!
... Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін.
Ахмет Байтұрсынұлы өзіне ескерткішті осынау сөзімен тұрғызып кеткен, біздікі оның әр жерін бояп, әрлеп, безендіру.
Алла іске береке берсін!
Қ.шыныбектегі