
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Наурыз - Ұлттық мереке

Наурыз – қазақтың ұлттық мейрамы. Жаздың басы жаңа күн – Наурызды қалайша мейрам етпесін?!
Ботақара кентіндегі Күләш Байсейітова атындағы көше тұрғындары тайлы-таяғымен көтерілді де, Наурыз мерекесін атап өтуге бел байлады. Бірақ, Наурыз айында ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты бұл мерекені тойлау кейінге шегерілді.
Сол күткен күн де келіп жетті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана халқымыз, дәл осы сәтте К.Байсейітова көшесінің тұрғындары бір кісідей топтасып, мерекеге дайындыққа қызу кірісіп кетті. Әр отбасы мерекеге арнап қазақтың ұлттық тағамдарын дайындады.
«Ақ үй» - шатырымыз да құрылды. Аудандық мәдениет үйінен әншілер қонаққа шақырылды. Тұс-тұстан құтты болсын айтуға келген адамдар мол жиналды. Қыз-келіншектер дастархан көтеріп, мәре-сәре болысып жатыр. Әншілер әнмен, әжелеріміз тәттілер, құртпен шашу шашып, барлығы ерекше қуанысуда.
Той осылай басталып кетті.
Қонақжай халқымыз әсіресе наурыз күні қабақ шытқан емес. Қай үйге болсын қаймықпай кіріп, қалаулы қонағындай төрінен орын аласың. Дастархан үстінде ортақ тілектерін тоғыстырады.
Біз отағасы екеуіміз осындай тамаша іс-шараның куәгері болдық. Көпшіл де, көңілді көршілерімізбен керемет күн – Наурыз тойын бірге тойладық.
Әзіл-қалжың, ән мен күй, салт-дәстүрлеріміздің барлық үрдісі, жоралғы дәстүрлері сол тойда ортаға салынды. Дастархан басындағы әжелер, әншілер шырқаған әндер, әзіл-қалжың мерекенің ажары болды.
Зиялы қауым өкілдерінің, ұлы адамдардың өмірінен естелік әңгімелер естіп, тәнті болдық.
Осындай көңілді мерекенің ұйымдастырушысы, әңгіме-дүкеннің жанашыры, орындаушысы, осы отырыстың мұрындығы болған ер азамат- Айдар Әбікенұлы Оспанов. Той осы азаматтың ауласында өтті. Бұл отбасының отанасы Гүлсім Құралдықызы. Қазақтың қанатты сөздерінің бірінде:
«Көш бастар керуеннің - нары өзіне сай,
Жақсы азаматтың –жары өзіне сай» делінген.
«Сырт көз – сыншыл» деп те бекер айтылмаса керек, бұл отбасы – бақытты жандар, бақытты отбасының үлгісі дер едім.
Осы мерекеден біздің қатысушылар, көше тұрғындары өте тамаша әсер алды. Әсіресе, біз - зейнеттегі ата- әжелер бір жасарып қалдық.
Ал, жас отбасылар үлкендерге қарап таң-тамаша болып отырды. Қариялар наурызға бата берді. Бата адамға рухани күш-қуат береді, көңілге - медеу, жүрекке – сенім. Ал сенім- ұлы күш.
Өнер адамдарына, мәдениет үйінің әншілері– «Ботақара» тобына, Зәуре Әубәкірқызы Төлеубаеваға, ұйымдастырушымыз Айдар Әбікенұлына көше тұрғындарының атынан алғысымыз шексіз!
Өнер жолында биік шыңнан көріне беріңіздер!
Р.Байдельдинова,
зейнеткер ұстаз
Ботақара кенті