taza-kaz

«Ахмет Байтұрсынұлы - тіл білімінің атасы» аудандық байқауының ережесі


23.04.2022

Аудандық орталық модельді кітапхана қазақтың ақыны, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына және Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне орай «Ахмет Байтұрсынұлы - тіл білімінің атасы» атты аудандық байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялайды. 

Байқаудың мақсаты –Ахмет Байтұрсынов қазақ халқының біртуар ғалымы, ағартушы - педагогы, фольклортанушысы, ұлт мәдениетінің бәйтерегі мен сарқылмас қазынасының бүгінгі ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудегі алатын орнын анықтап, қазақ ұлттық педагогикасының сарқылмас қазынасына айналғандығын көрсету, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл жанашырларының ішінен талантты оқырмандарды анықтау, қолдау, марапаттау.

Байқаудың міндеттері:

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін және мысал өлеңдерін жатқа оқу арқылы шығармашылығын дәріптеу.

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалымның мұрасын насихаттау.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

Байқауға қатысушылар 18 жастан бастап қатыса алады;

Байқауға қатысушылар ағымдағы жылдың 1 шілде айынан бастап 1 қыркүйек айына дейін өзі туралы ақпаратты (centralnayaraionnaya-2011@mail.ru) электронды поштаға жіберу керек;

Байқау екі номинация бойынша өтеді;

- Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін жатқа оқу;

- Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдерін жатқа оқу;

Бір қатысушы кем дегенде 3 өлеңді жаттау керек;

Байқауға ұсынылған өлеңдерді мемлекеттік және өзге тілде оқуға болады;

Байқау аудан көлемінде өтеді. Іріктеуден өткен қатысушылар аудан орталығына келіп, бас жүлде үшін бақтарын сынайды;

Байқау ағымдағы жылдың 5 қыркүйек күні аудандық орталық модельді кітапханада өтеді;

Қатысушылар киім үлгісіне де назар аударуы тиіс;

Бағалау: 5-10 ұпай аралығында.

Байқаудың марапаты: Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен және планшет, басқа да құнды сыйлықтармен марапатталады.

Байқаудың нәтижесі: Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Бұқар жырау ОКЖ анықтайды. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет пәнінің  ұстаздары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы 5-7 адамнан аспауы тиіс.

Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасы  шығарған шешім үшін жауапты болады. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы ресімдейді.

Байланыс ақпараты: Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 41 мекенжайы бойынша байланыс телефондары: 87026489001, 87753566356. Жұмкенова Гүлайым Қабдуалиқызы және Асқарова Индира Шариполлақызы.

 Ұйымдастыру комитеті

 

 Үлгі

«Ахмет Байтұрсынұлы-тіл білімінің атасы» аудандық байқауына өтініш



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?