
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Елтаңбаның сәулетшісі Шот-Аман Уалихановтың 90 жылдық мерейтойына және Қазақстан Республикасы рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Рәміздер – елдігіміздің еңсесі, теңдігіміздің тірегі» атты аудандық мүшәйрасының Ережесі

Аудандық орталық модельді кітапханасы Елтаңбаның сәулетшісі Шот-Аман Уалихановтың 90 жылдық мерейтойына және Қазақстан Республикасы рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Рәміздер – елдігіміздің еңсесі, теңдігіміздің тірегі» атты аудандық мүшәйрасының Ережесін жариялайды.
Мүшәйра 2022 жылдың 1 сәуір айынан бастап 1 маусым аралығында өтеді.
Мүшәйраның мақсаты:
Елтаңбаның сәулетшісі Шот-Аман Уалихановтың мерейтойына ел рухын көтеретін, поэзиямыздың мүмкіндігін танытатын өлеңдердің жазылуына мүмкіндік беру. Ақындардың шығармашылық дамуына жол ашу.
Мүшәйраның міндеттері:
- талантты жас ақындарды мүшәйраға тарта отырып, шығармашылық жолдарын айқындап, насихаттау, әдебиетіміздің дамуына үлес қосуына қолдау көрсету;
- өлең сөздің ел рухына серпіліс беріп, жігерлі, табанды ұрпақтың тәрбиеленуіне ықпалын сезіндіру;
- патриоттық, гуманистік бағыттағы поэзияны дамыту.
Мүшәйра талаптары:
- мүшәйраға 16 жастан бастап қатыса алады;
- мүшәйраға қатысуға кем дегенде екі өлең шығару керек, әр өлең көлемі 40-50 жолдан аспауы керек;
- мүшәйра рәміз бен Елтаңбаның авторына байланысты болуы тиіс;
- «Рәміздер – елдігіміздің еңсесі, теңдігіміздің тірегі» мүшәйрасына ұсынылатын өлеңдер үстіміздегі жылдың 1 сәуір айынан бастап 1 маусым аралығында қабылданады. Автордың аты-жөні, электронды поштасы, байланыс телефондары өлең жолданған файлда көрсетіледі;
- өлеңдерді (centralnayaraionnaya-2011@mail.ru) электронды поштасына жолдау керек;
- шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) жіберілуі қажет;
- жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды;
- қабылданған шығармаларға пікір берілмейді;
- қазылар алқасының алдын-ала іріктеуінен өткен 10 үміткер қорытынды шараға қатысады;
- қорытынды кеш аудандық орталық модельді кітапханада 2022 жылғы 3 маусым күні өтеді;
Іріктеуден өткен ақындарға 2022 жылдың 1 маусым айына дейін қосымша хабарландыру беріледі.
Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:
- ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;
- шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына;
- туындының көркемдік сапасына;
- автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады;
- барлық келіп түскен шығармаларды байқаудың қазылар алқасы алдын ала қарап, талдау жасайды және бағалайды.
Мүшәйраның жүлде қоры:
1. Мүшәйраның жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар мен құнды сыйлықтармен марапатталады.
2. Мүшәйраға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды.
Мүшәйраға қатысу:
Мүшәйраға қатысу үшін үміткердің тапсырыстары (үлгідегі кестеге сәйкес аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) және шығармалары 2022 жылғы 1 маусым айына дейін төменде көрсетілген мекенжайға жолдау қажет: Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 41, аудандық орталық модельді кітапхана, электронды пошта: centralnayaraionnaya-2011@mail.ru, анықтама телефоны: 8-702-648-90-01, 8-775-356-63-56.
Ұйымдастыру комитеті
Үлгі
«Рәміздер – елдігіміздің еңсесі,
теңдігіміздің тірегі» атты аудандық жыр мүшәйрасына өтініш