
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Облыстық сайыстан оралды

Садақ – жебе атуға арналған қол қаруы.
Ерте кездерде оны аң аулауда, кейін соғыс кезінде қолданған. Қазаққа тән садақ көшпелілер садағының жетілдірілген түрі екендігін әдебиеттен оқып, білеміз.
Қазақтың ұлттық спорттық ойындары кейінгі жылдары даму жолына түсіп, өзіне балаларды көптеп тартуда. Бұл өнерді меңгерген адам өзінің танымына үңіліп, тарихтан бұл ойынға қатысты деректер іздеп жүретін болады. Бойында ұлтымызға тән құндылықтар, ата салтына деген сүйіспеншілік, оны құрметтеу сезімі орын алады.
6 наурызда облысымыздың орталығы - Қарағанды қаласына еліміздің көптеген аудандары мен облыстарынан спорттың садақ ату түрінен 150 спортшы келіп, мергендіктерін 7 мен 18 жас аралығындағы садақ ату шеберлері сынады. Ұлттық ойынның бір түріне айналған ерекше спорттың түріндегі сайыс төрт жас категориясында – жеті жастан тоғыз жасқа дейін, он жастан он екі жасқа дейін, он үш жастан он бес жасқа дейін, он алты жастан он сегіз жасқа дейін ұлдар және қыздар топтарына бөліне отырып ұйымдастырылды.
Мергендер үш бағыттағы сайысқа түсті - олимпиялық, түріктік, қазақтың жамбы атуы бойынша бірінен бірі озып кетуге тырысты. Жамбы атудың мамандарының айтуынша, ең қиыны – жамбы ату екен.
- Садақ ату екі-үш жыл бойына қарыштап даму үстінде. Бүгінгі сайысқа осыншама мерген келіп, қатысып жатқаны қуантады. Қазіргі балалар спорттың осы түріне үлкен қызығушылықпен келеді. Олар талмай, жалықпай жаттығуларға қатысып жүр, біз осыған қарап, еліміздің болашағы жарқын болады деп ойлаймыз, - дейді садақ атудан Қазақстан чемпионы Айым Тілепберген.
Бұқар жырау ауданының құрама командасынан алты спортшы барып, олардың төртеуі жүлделі орындармен оралғанын хабарлаймыз.
Бірінші орынды Айым Байжанова, екінші орынды Жаңбырбай Аңсар, үшінші орындарды Талғат Санжар мен Бахытболов Ислам жеңіп алып, отбасылары мен жаттықтырушыларын қуантты.
Қ.Ахметова