
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Әнші рухына тағзым

Қазақтан шыққан күміс көмей әнші Роза Тәжібайқызы Бағланова 1922 жылдың бірінші қаңтарында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қазалы қаласында өмірге келген.
Ол кеңестік, қазақ халқының опера және эстрада әншісі. Он бес одақтас республиканың, Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның халық батыры, «Шапағат» медалінің, «Отан» орденінің иегері.
Бұқар жырау аудандық модельді кітапхана ұжымы ізденгіштігімен, жаңашылдығымен, адамдармен тығыз араласумен, оқырмандарына жай адам байқай бермейтін өзекті де қызықты, соны жаңалықты тауып алып, тартымды шара ұсынатын ұжым екенін көрсетіп жүр.
Ақпан айының 22 жұлдызында осы ұжым тағы да бір мағыналы шараны аудан тұрғындарына ұсынды. Сопрано дауысты әнші апайымыз Роза Бағлановаға арналған әдеби-сазды шараға көрермендер шақырып, бір сағатқа жуық созылған шарада ән туралы, әнші туралы ақпарат беріп, тамаша музыкалық сәттер сыйлады.
«Руханият» қосымша білім беру орталығының акті залында өткен шараға орай «Ақ маңдайлымды әуелеткен қазақтың бұлбұлы» атты кітіп көрмесі инсталляциясы ұйымдастырылыпты. Онда әнші жайында шығарылған кітаптар орын алған.
Шараның жүргізушілері Индира Асқарова мен Іңкәр Мұқан шара қатысушыларымен жылы амандықтан соң бағдарламаларын өрбітіп әкетті.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жылдың 1-қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Ол – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның халық қаһарманы. Майдан даласында ән салған Р.Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі ән сүйер қауым арасында кеңінен танымал. Оның есімін мәңгі есімізде сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырамын» деген болатын. Модельді кітапхана қызметкерлерінің өткізуге талпынған шараларын осы айтылғандарға үн қосулары деп түсіндік.
Ең алдымен сахна төрінен Роза апайымыздың өмірі мен шығармашылығын қамтыған бейнебаянды тамашаладық. Қарапайым қазақ қызының аула сыпырып жүріп сызылта салған әні өнер жанашырының құлағына шалынып, оның Өзбекстаннан қазақ жеріне, Отанына қайтып оралуына әсер еткені туралы ақпарат алдық. Сондай-ақ, Оразбек Бодықовтың әнші апайымыз Роза Бағланованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Жайдарман» деректі повестін оқып шығуға кеңес берді.
Ұлы Отан соғысының жалыны өшкеннен соң, 1949 жылы Будапешттегі дүниежүзі жастарының фестиваліне әлемнің 80 ұлтының өкілдері қатысып, әнші «Ах, Самара, городок» әнін тамылжыта орындайды. Әншінің төлқұжатына айналған әндердің арасында орны ерекше ән екі ұлттың арасына салынған алтын көпір іспетті дейді шара жүргізушілері.
Осы әнді шара қатысушысы Мағзура Торжанова апай сахна төрінен нәшіне келтіре сызылтты. Жиналған жұртшылық ду қол шапалақпен қошемет көрсетті. Келесі сәтте сахнаға «Дәурен-ай» халықтық хоры ардагерлерінің орындауында «Ақтамақ» әні шырқалды
Ақын Бәкір Тәжібаевтың өлеңіне ән жазған Төлеген Мұхамеджановтың «Іңкәрім-ай» әнін шырқап, халқымызға танымал еткен де осы әнші апайымыз екен. Осы әнді «Руханият» қосымша білім беру орталығының оқушылары Шәкір Камила мен Смағұл Гауһар сызылта, тебірене екі дауыста шарқап, шара шырайын ашты.
Онан соң караокеден «Әдемі-ау» әнін жұртшылық қосыла шырқады. Қызықты ойын да ойналды. Әннің бір шумағы оқылып, жалғасын жиналған көрермендер тауып, белсенділік танытты.
Шәмші Қалдаяқовты қазаққа танытқан да Роза Бағланова екені туралы ақпарат алдық шара жүргізушілерінен. Жүрекке жағымды «Ақмаңдайлым» әнін «Руханият» қосымша білім беру орталығының ұстазы Ақзер Мақсатқызы орындап, көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Тартымды шара соңында орталықтандырылған аудандық модельді кітапхана меңгерушісі Гүлайым Жұмкенова шараның белсенді қатысушыларына шағын сыйлықтар мен алғыс хаттарын тапсырды. Кентіміздің белсенді тұрғыны Мариваш Ибраева шараны ұйымдастырушылар мен көрермендердің аттарына жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты.
Жиналғандардың барлығы естелік суретке түсті.
Қ.Ахметова
Ж.Макишевтің суреттері