
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі міндеттер

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі - жас ұрпаққа адамгершілік- рухани тәрбие беру.
«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қазақстандықтардың ортақ тағдыры мен еліміздің бейбітшілік пен прогресс жолында дамуын анықтайтын басты құндылықтар көрініс тапқан.
Халқымыздың осы мәңгі рухани құндылықтарды бағалай білуі және бүкіл өміріне ұстаным етіп алуы мемлекетіміздің шынайы қуатын, оның азаматтарының бақытты тағдырын анықтайды.
Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай мектеп жоспарға сәйкес Ақжар негізгі орта мектебінде аудандық білім бөлімнің және магниттік мектептердің қатысумен, санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Жалпыадамзаттық құндылықтар - тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудің негізі» тақырыбында семинар өтті. Семинарға жалпы 18 мұғалім қатысты.
Мақсаты - жалпыадамзаттық құндылықтар, тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудің негізі туралы мәліметтер бере отырып ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге бағыт беру. Семинар қонақтарына буклеттер таратылып, мектебіміздің даму кезеңдері бойынша бейнеролик көрсетіліп, мектеп ұжымымен таныстырудан басталды. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқушыларға дәріптеп, рухани адамгершілікке тәрбиелеуді білім берумен ұштастыруда мектеп мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті.
9-сынып оқушыларымен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Аманжанова М.Шахановтың «Книга памяти» тақырыбында шеберлік сабағын, бастауыш сынып мұғалімі А.Дүйсембекова өзін-өзі тану пәнінен «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады» атты ашық сабақ, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ә.Қайырқұлова 7-сынып оқушыларымен «Адамгершілік - адамның рухани арқауы» тақырыбында ашық сынып сағатын өткізсе, мектеп тәлімгері Ш.Өмірбеков өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерімен «Жалпыадамзаттық құндылықтар әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Өткізілген сабақтар бойынша келген мұғалімдер өздерінің ойларын ортаға салып, сабақтың қызықты кезеңдері және оқушылардың белсенділігі үшін алғыстарын білдірді.
Көркем еңбек сабағында да жалпыадамзаттық құндылықтар қасиеттерін оқушылардың бойында арттырудың бір түрі - қолөнер туындылары. Қолөнер - халқымыздың қасиетімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы. Қолөнер адамның әсемдікке, нәзіктікке деген сезімін тербеп, сол салада табиғатты өзінше таңбалап, бедерлеп, сұлулықты қабылдау қабілетін арттырады.
Мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі О.Алтайбаев қолына түскен кез-келген заттан қолданысқа қажетті дүние жасап шығаруға құмар. Ол осы қасиетті оқушы бойына дарыта білген шебер ұстаз.
Тәуелсіздікке 30 жыл толуына орай «Ұлттық құндылықтар - ұрпаққа мұра» атты қолөнер көрмесінде ұстаз бен оқушылардың шеберлігімен жасалған жұмыстарын тамашалады.
Сонымен қатар, мектеп психологы Т.Қасымбекова әріптестерге арнайы «Жалпыадамзаттық құндылықтар - тұлғаны рухани адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі» тақырыбында коучинг өткізді. Келген мұғалімдерге тақырып аясында ақпараттар ұсынылып, топтық жұмыстар ұйымдастырылып, тапсырманы бірлесіп, ұйымшылдықпен орындаған мұғалімдер ортаға өз ойларын еркін жеткізіп, жауаптар тыңдалып, коучингке белсене қатысты. Мектеп психологының өткізген тренингі әріптестерімізге тамаша көңіл-күй сыйлады.
Мектебімізде оқушылар тек қана білім алып қана қоймай, салауатты өмір салтын жүзеге асырады. С.Нұрмағамбетовтың жетекшілігімен «Қазақша күрес» секциясы жұмыс жасайды.
Оқушыларды қызығушылықтарына сай шыңдалып, рухани дамып, уақыттарын тиімді пайдалануға тәрбиелеу мақсатында мектебімізде «Қобыз», «Домбыра», «Вокал» сияқты үйірмелер жұмысы ұйымдастырылған. Осы үйірмелерге қатысып, өнерлерін шыңдап жүрген талантты оқушыларымыз өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті.
Семинар соңы пікір алмасу мен талқылауға ұласты. «Мұғалімге елдің болашағын қалыптастыруда ең басты рөл берілген. Мамандық ішінде мұғалім мамандығы ең ардақты, ең қиын және ең маңызды» деген Ш.Амонашвили.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жан аямайық, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстанып, өзімізді рухани жаңғыртайық!
Әсел Қайырқұлова,
Ақжар НОМ қазақ тілі
және әдебиеті пән
мұғалімі