taza-kaz

Республикалық балалар оқулары мәресіне жетті


31.12.2021

Балалардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті, отансүйгіштікті және еліне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу мектепте оқытудың маңызды құраушы бөлігі болып саналады.

Мектептер арасында балалардың бойында ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын және «Рухани жағыру» қағидаларымен танысатын әдебиеттерді зерттеуге мүмкіндік алатын бірыңғай білім беру кеңістігін құру өте маңызды.

«Туған елің - Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқулары байқауы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №50 және 2021 жылғы 31 мамыр № 354 қаулыларымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғырту кезеңіне көшірудің Жол картасының аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілді.

Байқаудың мақсаты - кітап оқуға деген құштарлық қалыптастыру, балаларды Отанымыздың тарихы, географиясы, астрономиясы және мәдени дәстүрлерімен тәрбиелеу, баулу, өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру және «Рухани жағыру» бағдарламасының идеяларын жас ұрпақ бойына сіңіру, оның белсенді қатысушысы болу.

Міндеттер - мектеп кітапхана қорларын кітаптарымен толықтыру, өскелең ұрпақтың санасында білімге құштарлықты арттыру, балалардың бойында мақсаттылықты және сананың ашықтығын дамыту, мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласуға деген ынтасын ояту, 5-7 сынып оқушыларын әдебиет сабағы арқылы республикалық байқауға қатыстыру және бәсекеге қабілеттілігін дамыту. мектеп оқушылары арасында «Рухани жағыру» қағидаттарын насихаттау.

5-7 сынып оқушылары қатысушылар болып табылды.Байқау ҚР Білім және Ғылым министрлігі ұсынған келесі кітаптардың мазмұны бойынша өткізілді «Сиқырлы жұлдызша», «Атамекен сиқырлы елінің аңыздары»; «Сиқырлы қазғыш таяқша», ежелгі Қазақстан тарихының көңілді оқулығы, «Қазақстан елімен сиқырлы саяхат»,   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы.

Кітаптар түрлі жастағы балаларға арналған ежелгі Қазақстан тарихы мен туған елінің киелі жер атауларының шығу тарихын тартымды түрде баяндап, жас оқырмандарды қызықты білім әлемімен - астрономия, география, тарих, аңыздар және т.б. еліктіріп әкетеді.

Байқау кезеңдері «Туған елің - Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты төрт кезеңнен өтті.

Бірінші аудандық кезеңге 85 оқушы қатысып, оның ішінде 5 оқушыдан бір команда құрылып облыстық кезеңге жолдама алды, облыстық кезең нәтижесі бойынша бір оқушы 3-орынға, екі оқушы 2-орынға ие болса, бір оқушы, Көкпекті ОМ 6-сынып оқушысы Бауыржан Күнсәуле 1-орын алып, Республикалық кезеңде жүлделі орынға ие болды.

15 желтоқсанда ұйымдастырылған жиында Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова “Туған елің - Қазақстанды жақсы білесің бе?” атты Республикалық балалар оқулары байқауының жеңімпазы Бауыржан Күнсәулеге диплом мен бағалы сыйлықтарын табыстады.

Ә.Көшкінбаева,

Бұқар жырау ауданы

білім бөлімінің әдіскері



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?