taza-kaz

Қасыммен мақтанамын!


25.11.2021

Маған жақында Ынтымақ ауылдық кітапханасының қызметкері Байдалина Жадыра хабарласты.

Мен бала күтіміндегі анамын, сонда да елімізде болып жатқан оқиғалардан қалыс қалғым келмейді.

Әрдайым «Бұқар жырау жаршысы» газетін асыға күтіп, өзімді - өзім дамытқым келеді.

Кітапханашы қыз биыл Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай облыстық байқаудың болатынын хабарлады, сайыс екі бағытта екен - бірі ақынның өлеңін нақышына келтіре орындау болса, екіншісі арнау шығару. Жастайымнан өлең жазатын мен ойланбастан келістім. Үйде үй шаруасымен, бала тәрбиесімен айналысып жүрген маған арнау жазу үшін алдымен Қасымның өмірімен танысу керек болды. Сөйтіп үйдегі кітаптарымды ақтарып, ізденіп, әлеуметтік желіні қарап, өзіме  керекті ақпаратпен таныстым.

Қасым Аманжолов қазақ поэзиясының аса көрнекті  өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, қазақтың аса ірі ақындарының бірі. Әке-шешесінен жастай жетім қалып, біраз жыл ағасының қолында болған. Қасым Аманжолов тек лирик емес, сонымен қатар ірі эпик ақын. Қасымның поэзиясы сыршыл, ұзақ жасайтын поэзия. Қасым халықтың жанына үңіліп, оның шаттығына бірге шаттанады, мұңына бірге мұңаяды. Қасым Аманжолов аз ғана өмірін туған еліне, жеріне арнаған. Мен өмірбаянымен таныса отырып өзім де бойыма қайсарлықты алғандаймын. Елін, жерін сатқан сатқындармен күресіп, адал еңбек еткен абзал адам ретінде таныдым. Өз пайдалары үшін, күн көрістері үшін ұялмай бастықсымақтардың көлеңкесіне тығылып жүретін адамдардың бетіне айтып, қарсы тұра біліп, келемеждеп сынға алған.

Қазіргі өмірімізбен салыстырамын да қазіргі жастарымыз да Қасымдай болса ғой, шіркін, елімізде әділдік орнаған болар еді еп ойлаймын. Әрбір қазақтың жүрегінен орын алған, өз өмірін елі үшін сарп еткен, қазақтың батыры ретінде көз алдыма елестетемін. Қазіргі жастарымыз да Қасымның өмірімен шындап танысса екен деймін. Біз Қасымдай ержүрек жандардың ұрпағымыз. Мен Қасыммен мақтанамын. Жастарымыз да оқып-біліп, танысса екен деймін, күніге қолдары қит етсе әлеуметтік желіні ақтарып, қаншама сағаттарын сарп ететін жастарымызға айтарым осы. Қасымды оқы! Қасымды таны! Қасымды оқыған адам өкінбейді.

Биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай барлық қала, ауыл болып Қасымның 110 жылдығын атап өтудеміз. Мен де бір үлесімді қоспақ болып, байқауға қатысамын, қайтсем де жеңемін деп дайындалған болатынмын. Жауабы келеді күтіңдер деп күттірген соң асыға күттім, іштей дайындалдым. Бірақ өкінішке орай мен байқауға өте алмадым. Естігенде көңілім түссе, кейін қуандым. Мен байқауға қатысамын деп жүріп Қасымның өмірімен, шығармашылығымен таныстым, таныдым, бізді дайындаған кітапханашыға айтар  алғысым шексіз. Қасымдай алып азаматтың ұрпағы болғаныма шын жүректен мақтанамын. Қазақта осындай батыр ұлдың болғанын мен мақтанышпен айта аламын.

Жыр әлемге бой бұрып келемін мен,

Қалықтаған, төбеме төңген өлең.

Лаура Мұхаммедина

Ақтөбе ауылы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?