
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Өлкетану – ұлттық жаңғыру

Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның туып-өскен өлкесі.
«Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас». Бабаларымыздан қалған сөз осыған байланысты айтылса керек.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын» деген.
Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. Патриотизм арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен туралы түсініктер оқу тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда да өткізіледі. Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерін балалардың бойына қалыптастырып жүзеге асыру кезек күттірмес міндет. Балалардың бойына Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру керек.
Тарихи өлкетану жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеуде маңызды орын алатын жұмыстардың бірі.
Жас ұрпаққа туған жер деген киелі, қасиетті ұғымның мән-мағынасы мектеп қабырғасынан бастап үйретіледі. Әсіресе, жаһандану заманында жастарды отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеудің маңызы айрықша зор. Әр адам баласын туған жерін, туған елін құрметтеуге, тамыры терең тарихын, бай мәдениетін қадірлеп, қастерлеуге баулуы керек.
Елімізге тәуелсіздік сыйлап, азаттық алып берген «Желтоқсан көтерілісі» жайында көптеген тарихшы ғалымдарымыз бен қоғам қайраткерлері жап-жақсы ой толғап, толымды пікірлер жазып жүр.
Халық қаһарманы Қасым Қайсенов ағамыз «Желтоқсан көтерілісі» - Тәуелсіздігіміздің кіндігі» деп баға берді.
«Біздің одақ – тұғыры нық одақ», оны ешқашан ешқандай күш қозғалта алмайды деп дәріптеген.
Білім берудің басым бағыттарының бірі - тәрбие жұмыстарының әлуетін күшейту болып табылады. «Қазақстан-2050 Стартегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында ұлт көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу - болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек»- деген болатын.
Яғни, жарқын болашаққа жол ашатын мәңгілік құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіруге шақырады. Пәнді оқыту барысында білім мазмұнын игертумен қатар, оларға ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген мәдени құндылықтарды, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді таныту, тілдік қорларын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі, үздіксіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық сипаты мен пәнаралық байланыс ұстанымдары басшылыққа алынуы тиіс.
Балабақшада балалардың оқу құзіреттілігін дамыту мақсатында халық педагогикасы технологиясының элементтерін күнделікті оқу қызметінде, ойын кезінде енгізіледі.
Сонымен қатар тарихқа жүгінсек ежелде оқу, жазу болмаған кезеңде халқымыз өз ой- қиялынан, мысалы «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын» т.б. батырлар жырын балаларына айтып беріп, осындай ел қорғайтын батырлар болып өссе екен деген. Енді осы қиял-ғажайып ертегілерден заманымыздың біртуар батырлары Ағыбай батыр, Қабанбай батыр, Жидебай батыр, Қанжығалы Бөгенбай осындай мақтанышпен айтылатын батырларымыз туып-өсті емес пе? Ер Тарғындай ер болуды, Қамбардай елімізге қамқоршы болуды ұрпақтарына үлгі еткен.
Қорыта келгенде, халық педагогикасының технологияларын балабақшада күнделікті қолдану өз нәтижесін беріп, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімдерін ұялата тәрбиелеуге өз үлесін қосады.
Г.Құсаева,
«Балдәурен»
бөбекжай-бақшасының
қазақ тілі мұғалімі