taza-kaz

«Бұқарекең жырлайды»


06.11.2021

Дәстүрлі тақырып аттас сайыс биыл он төртінші мәрте өткізіліп отыр. 

Облыстық деңгейдегі сайысқа өңірдің түкпір-түкпірінен 100-ден аса сайыпқыран өнерпаздар ат қосуға белді бекем буып үн қосты.

Былтыр онлайн боп өтіп, өрендер сахнада өнер көрсетуді сағынып-ақ қалған екен. «Мәнерлеп оқу» сайысына 50-ден аса үміткер қатысты. Басқа ұлттар баба сөзін тірілтетін бәсекеге де онның о жақ бұ жағындағы талапкерлер, одан кейінгі мүшәйраға 40-қа таман терме-толғау жарысына 10-15 сәйгүлік ат терлетті.

Түс ауа басталған дода кешкі 10-ға таман бірақ тәмамдалды.

Бұқар жырау жырлары биыл басқа да жыраулардың жырымен жаңғырды. Ол –Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді т.б. сынды тарихи- әдеби тұлғалар  жәдігері.

Жаттаушы Бұқардан 15, жыраулардан 5 жыр айтуы міндеттелген. Кейбір ат қосқандар бұл үддеден шыға алмай жатты. Ақындардың толғаулары бір серпілтсе, басқа ұлттар  бір көтеріп тастады. Термешілер сахнаға шыққанда әрине, жаяу жыр түлейді емес пе?! Бір көтеріліп қалдық.

Мәнерлеп оқудан Мәдинеш Маралжан бірінші орын, Аружан Берікбаева екінші орын – екеуі де Бұқар жырау ауданынан, «Әлемді түгел білсе де» - өзге ұлттан Милана Мених (Мәшһүр Жүсіп мектебі) бірінші жүлде, Кристина Балахишинаға екінші жүлде, «Бұқар жырауша»  мүшәйрасынан Бекарыс Оспанов бірінші орын –Қарағанды қаласынан, Жандос Бақытұлы –ол да Қарағандыдан екінші орын, жыршы-жыраулардан бірінші орын Ұланғасыр Қами, екінші орын Нұрлан Ботбайға (екеуі де Қарағандыдан) бұйырды.

Өкінішке қарай үшінші орын мен арнайы сыйлық иелері туралы мәлімет ала алмадым.

Осынау игі істің басы-қасында жүрген жерлес ақын Айтбай Жұмағұлдың ерен еңбегі еселене берсін деген тілек. Облыстың мәдениет, шығармашылық мекемелері, Достық үйі, «Рухани жаңғыру» бірлестігіне  ел атынан мың алғыс.

Өзім ертіп апарған шәкірттерім жүлдеге ілікпесе де олардың жырға, өнерге деген сүйіспеншілігін жанып қайтқаныма сүйсіндім.

Әрине, түсінбеушілік, бір-біріне деген өкпе-наз болар. Оны осындай сәтттерде аулақ ұстағанды жөн деп санаймыз. Себебі, Бұқар бабам «Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз» демеуші ме едң?! Әр қандай қиындықпен өмірде тоғыссаңыз да «Үмітін қоймас адамзат» деді ғой тағы.

Алда аудан додасы. Тек сонда бәріміз де жүлдеге ілігуге жазсын. Облыстың аудандық оқулардан бұрын өткені жөнінде кейін айтармыз.

«Өлең сөздің данасы» деген баба сөзі жаңғыра берсін!

Қ.Шыныбектегі

Бұқартанушы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?