taza-kaz

«Қазақ даласының қоңырауы»


06.11.2021

Ы.Алтынсариннің туғанына - 180 жыл

Ыбырай Алтынсарин - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері.

Оның шын аты - Ибраһим. Ол Орта жүздің қыпшақ руынан шыққан. 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысы Затобол ауданында дүниеге келген.

Міне, биыл қазақтан шыққан алғашқы педагогтың туғанына 180 жыл толып отыр.

Мұндай айтулы датада біз жастарға Ы.Алтинсариннің бізге қалдырып кеткен еңбектерін қадірлеп, ол еңбектердің мәңгі өмір сүруін қамтамасыз ету керектігін айтып, түсіндіруді алдымызға мақсат қылып қойдық.

Қараша айының 2-жұлдызында, ақынның туған күнінде аудандық балалар кітапханасының оқу залында аудандық балалар кітапханасы және С.Торайғыров атындағы тірек мектебінің бастауыш сыныбы мұғалім Токова Мария Тентекбайқызымен бірлесіп, қазақтың ұлы ағартушы ұстазы, қоғам қайраткері, этнографшы, фольклоршысы Ы.Алтынсариннің 180-жылдығына орай «Қазақ даласының қоңырауы» атты портреттік кеші өтті. Кеш ұлы тұлғаның өмірбаянына арналған бейнероликтен басталды. Бейнеролик аяқталған соң ортаға екі жүргізуші шығып, келген қонақтармен сәлемдесіп, кештің барысын баяндады.

Бұл ұлы тұлғаның 180 жылдығына, «Бір ел - бір кітап», «30 жылдыққа - 30 кітап» акциялары аясында және «Балалар әдебиеті жылына» байланысты өтіп жатқаны баяндалды. Кітап көрмелерінің таныстырылымы өтті.

Одан әрі С.Торайғыров атындағы 4 «ә» сынып оқушылары Ы.Алтынсариннің «Өнер білім бар жұрттар», «Кел, балалар оқылық» және «Балғожа бидің баласына жазған хаты» өлеңдерін оқып берді және жазушының қысқа әңгімелерінен «Әке мен бала» желісімен көрініс қойды.

Өмірбаяны айтылып, өлеңдері оқылып, қысқа әңгімелеріне шолу жасалған соң, викториналық сұрақтар қойылды. Оқырмандар ұяшықтар таңдап, өмірі, шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап берді. Сұрақтар ашқан мектептерін де қамтыды.

Кеш соңында аудандық балалар кітапханасы ұйымдастырған «Даланың дара ұстазы» атты үздік эссе байқауына қатысушылар марапатталды. 1-орынды Абдрахманова Гүлімжан иеленсе, 2-орын Ғабиденов Сағнадинге тиесілі болды, ал 3-орын Ашикова Айзере мен Нұртай Жанияға бұйырды.

Оқушыларына жетекшілік еткен ұстазға алғысымызды білдіріп, сый-сияпатымызы бердік. Қатысқан барлық оқушыларға алғыс хат тапсырылды. Кеш көңілді аяқталды.

 

Айгүл Ерубаева,

аудандық

балалар кітапханасының меңгерушісі



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?