
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Мен қалған бір атаның ғасырымын...»

Қазан айының 25-жұлдызында Ботақара кентінің мәдениет үйіне Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті мен «Сарыжайлау» кинотеатры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әй, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы..» атты көшпелі көрмесімен келді.
Бір айта кетерлігі – Қарағанды Университетінде ақын мерейтойына орай кешенді іс-шаралар жоспары жасалған. Көрмені жасау мақсаты - жаңашыл ақын, публицист, импровизатор Қасым Аманжоловтың мұрасын дәріптеу және насихаттау.
Ең алғашқы құттықтау сөз Басқарма төрағасы, ректор кеңесшісі Мирас Құттыбайға берілді. Ол көрменің осының алдында Ұлытау, Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев, Шет аудандарына барып келгенін, Қарағанды Университетінде Қасымтану ғылыми-зерттеу орталығы құрылғанын, оған ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Жансая Жарылғапов басшылық ететінін жеткізді.
Көрнекті қоғам қайраткері Ә.Бөкейхановтың 155 жылдығына орай ол кісінің Мәскеуде жерленген зиратының басындағы арнайы орнатылған тасқа Қасым ақынның «Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы...» атты өлеңі ойылып жазылғанын, көрменің Бұқар жырау ауданына келу себебі - Қасым ақынның көзі тірісіндегі жазылған еңбектерін халық арасында насихаттау екендігін айтты.
Одан кейін сөз кезегі берілген аудандық мәслихат хатшысы Асхат Әли:
- Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловты бұл жерде жиналған адамдарға таныстыру қажет емес деп ойлаймын. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, поэмалары мен лирикасы бүкіл дүние жүзіне таралған, батыс, шығыс, орыс шығармаларын, классикалық поэзиясын қазақ тіліне аударған көрнекті аудармашы. Бұқар жырау мен Қарқаралы аудандары ешқашан бір-бірінен бөлінбеген жер. Ұлттық әдебиетімізді жаңғырту үшін өте керекті шараға қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді.
Жансая Жарылғапов Қасым Аманжолов жайында керемет толғанды, жиналғандарды Қасым ақынның өмір жолына, шығармашылығына қанықтырды, деректерге тоқталды, өлеңдерін жатқа оқыды. Халық мұңын жеткізген көрнекті ақындар мен жазушыларды халық жауы деп, жер аударған, атып тастаған жүйені сынға алды. Қазақ елін бәрінен биік қойған көрнекті тұлғаның бүгінгі таңда есімі биіктей, асқақтай түскенін, шығармашылығының адам жүрегіне әсер етіп, алдағы күнге деген сенімін туғызатынын да жеріне жеткізе айтып берді.
Онан соң ақынның қыздары Дариға мен Жаннаның жеке архивінде сақталып тұрған отбасылық суреттер, ақынның шығармашылығының көріністері – қысқа ғұмырында жазған кітаптары тамашаланды. Ақынның жары – Сақыпжамалмен түскен, жан-жағында беттері бақыттан бал-бұл жайнап отырған қыздарының суреттері бұл отбасының ең бір жарқын сәттерінің көрінісі.
- Қасымның айналасында аңыз көп, дақпырт көп. 37-жылдары репрессияның бір толқыны өтсе, 40 жылдардан 50 жылдарға дейін қанды қасаптың екініші толқыны басталды. Қаншама ақын-жазушылар сотталып кетсе, Қасымның да шығармашылығындағы кейбір өлеңдерінен бүлік салушылар фашизммен соғысқа барғысы келмей, Сарыарқасында сайран салып жүргісі келеді деген желеумен оның да шығармашылығын алып жүруіне тосқауыл қойып, елден кетуіне әсерін тигізді, - дейді Жансая Жарылғапов.
Қасымның көркем шығармашылығы, аударма ісін біздің ұлтымызға жақын етіп аударуы да ол кісінің басқа өнер адамдарынан артықшылығын көрсетеді.
Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдар Оспанов та Қасым ақынның шығармашылығына қатысты ой толғады, тебіренді.
Осы шарада Сырым Хордин және ауданымыздың күміс көмей әншісі Азамат Амантайұлы ақыннның әндерін орындады.
Шараның ең бір тартымды сәті – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қасым Аманжоловтың 110 жылдығы мерейтойына орай көрменің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқаны үшін аудандық мәслихат депутаты Асхат Әлиге, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдар Оспановқа, Азамат Амантайұлына Алғыс хаттарын тапсырды.
Көрмені тамашалап болған соң жиналған жұртшылық үлкен залға ақын туралы деректі фильм тамашалауға барды.
Аудан әкімі С.Аймақов фильмді тамашалап болған соң оның үлкен ой салатын дүние екендігін айтып, көрмені ұйымдастырушыларға аудан тұрғындарының аттарынан алғыс сезімін білдірді.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреттерінде: фильмнен соң пікір айтылды; С.Аймақов қонақтармен; А.Әлиді марапаттау сәті; С.Хордин ән шашуымен.