
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Жеңімпаз оқырман

Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың шығармашылығын насихаттау, жастардың шығармашылық ізденісіне жағдай жасай отырып, ел рухын көтеретін, поэзиямыздың мүмкіндігін танытатын өлеңдердің жазылуына мүмкіндік беру.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, жастардың шығармашылық дамуына жол ашу, Қасым Аманжоловтың әндерін орындау арқылы жастарды Отанын, елін, жерін, ұлтын, ана тілін сүюге тәрбиелеу, ақын өлеңдерінің өміршеңдігін дәлелдеу, Қасым мұрасын ғылыми түрде түбегейлі насихаттау, ақынның шығармаларын ұрпаққа таныту, оның жырларын өшірмей, мәңгілікке сіңіру, өскелең ұрпақты қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу, еліне, жеріне деген патриоттық сезім қалыптастыру, жастардың орындаушылық шеберлігін арттырып, олардың өнерінің шыңдала түсуіне, сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу, талантты жастарды байқауға тарта отырып, шығармашылық жолдарын айқындап, насихаттау, әдебиетіміздің дамуына үлес қосуына қолдау көрсету мақсатында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы құрылтайшылығымен, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастыруымен өткен 18-35 жас аралығындағы жастар арасында «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» атты Республикалық дәстүрлі ХІ Қасым Аманжолов оқуларының байқауына Қарақұдық ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Төкенов Қуандық қатысты.
Қуандық 1998 жылы 20 ақпанда Бұқар жырау ауданы, Қарақұдық ауылында дүниеге келді. 2003-2013 жж. Амангелді орта мектебінде білім алды. Осы мектепте оқығаннан бастап ауыл кітапханасының оқырманы. Бала кезден өнерге бейім болып, ата-анасы жеті жасында домбыра сыныбына беріп, өнер жолын бастайды. Ауылдағы мерекелік іс-шаралардың көркі болды. 2013-2017 жж. Қарағанды қаласы Тәттімбет атындағы өнер колледжінде «Дәстүрлі ән» бөлімінде Мейірхан Адамбековтен дәріс алған. 2017-2021 жж. Астана қаласы Қазақ ұлттық өнер бөлімін тәмәмдап, қазіргі уақытта Доскей ауылы «Мирас» өнер мектебінің дәстүрлі ән-жыр мұғалімі, Амангелді орта мектебінде дәріс береді. Қуандық Қуатұлы осы байқаудың бірінші кезеңде ақынның «Ақ сәулем» әнін орындап екінші кезеңге өтіп, Қасым Аманжоловтың «Жас дәурен» мен еркін тақырыптағы халық әні «Самалтау» әндерін орындап, жеңімпаз атанып, ІІІ дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Алдағы уақытта Қуандық Қуатұлына тілеріміз әрқашан жолы ақ болып, алар асулары молынан болып, осындай шараларға белсенділік танытып, биіктен көріне беріңіз демекпіз.
Г.Дүйсембек,
Қарақұдық ауылдық кітапханасының аға кітапханашысы