
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Шеберлер әлеміне саяхат

Ата-бабадан қалған асыл мұра – ұлттық қолөнерге деген ықылас сонау ғасырлардан бері өзектілігін еш жойған емес.
Ұлы Жібек жолын бойлай өтіп, айшылық алыс елдерді көшпенділер мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстырып, қазақты әлем жұртына паш еткен осы қолөнер туындылары десек, артық айтпаған болар едік. Алайда, заман ағымының үздіксіз дамуына байланысты қолөнеріміз ұмытылып бара жатқаны шындық.
Осыған орай, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебі (РО)» КММ-де «Шеберлер әлеміне саяхат» эстетикалық сауаттылық апталығы өткізілді.
Облыстық көлемде ұйымдастыра отырып, көркем еңбекке, музыка әлеміне қызығушылығын арттыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды халыққа таныстырып, кеңінен насихаттау жұмысы жүргізіліп, көрмелер ұйымдастырылды.
Эстетикалық сауаттылық апталығының жұмыс жоспарын ұсынып, апталығымыздың ашылуы «Өнер әлемі»тақырыбында болды.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, 1-сыныптар «Бояулар әлемінде» тақырыбында сурет салса, 2 б-сыныбымен «Шеберлер туралы өлеңдер» атты сынып сағаты өткізілді. 6-сыныптармен «Музыка әлеміне саяхат» логикалық ойыны ойнатылып, 7 б-сыныбымен аудандық мұражайға саяхат жүргізілді.
Апталығымыздың екінші күні «Шеберлер қаласы» тақырыбында табиғатты сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 7 б сыныбымен «Күзгі ғажайып көрінісі» белсенді және креативті дербес тұлғаны қалыптастыру үшін 5, 6, 7, 9-сыныптармен «Жас дизайнерлердің шеберлігі» байқауы өтті.
9-сыныптармен ұлттық қолөнер жұмыстарын, ер балалардың бойындағы шеберлік қабілеттерін дамыту мақсатында 8-9 сыныптар аралығында «Жігіт сұлтаны» байқауы өтті. Байқауда Бас жүлдені 11-сынып оқушысы Шыныбек Ақжан, І орынды 9 «а» сыныбының оқушысы Ақбергенов Шыңғыс, ІІ орынды 8 «ә» сыныбының оқушысы Мейрамов Арман, ІІІ орынды 8 «а» сыныбының оқушысы Маратұлы Нұртөре қанжығалады.
Үшінші – «Әдеп күні» әдеп ережелерін сақтай отырып, 3-сыныптармен сынып сағаттары өткізілді.
Қалдық материалдан гүлдер мен жапырақтардың композициясын қолдану мен дайындауда танымдық қызығушылықтарды дамыту арқылы 2-сыныптармен сабақтан тыс іс-шаралар өткізілді.
«Кляксография» өнерін дамыту арқылы 3-сыныптармен сынып сағыты өткізілді.
Қазақ халқының қолөнерінің бірі – құрақ құрау өнері туралы түсініктеме бере отырып, бізге тәрбие мен білім негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын бойына сіңіре отырып, өнер мен мәдениетін, тілін, әдет-ғұрпын, ата салтын, халықтың өнерін жоғалтпау мақсатында құрақ құрау әдісін 9-сынып оқушыларымен жүргізді.
«Шығармашылық күні» оқушыларды күздегі адамдардың кәсіптерімен таныстыру арқылы 1-сыныптар арасында «Табиғат пен адам әлемі» сынып сағаты өткізілді.
Апталықтың бесінші күні «Күзгі бояулар» эмоционалды көңіл-күй мен оқуға деген ынтасын қалыптастыру арқылы 5-7 сыныптар аралығында «Қазақ даласының ұлы композиторлары» әуенді тап ойыны өткізілсе, 8-9 сыныптар аралығында «Алтын күз» байқауы өтті.
Байқау барысында өнерлерімен әділқазылардың көңілінен шығып, 8 «ә» сыныбының оқушылары бас жүлдені иеленсе, 8 «а» сыныбының оқушылары І орынды, 9 «а» сыныбының оқушылары ІІ орынды, 9 «ә» сынып оқушылары ІІІ орындарды алды. Соңғы күні әр адамның бойындағы қасиеттерін бағалау, әртүрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыра алу жөнінде жұмыстар өткізілді.
«Бұл әлем қандай әдемі!» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара «Күз аруы» өтті.
Достық және бір-бірін қабылдау атмосферасын, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрдік. Сайыста бақтарын сынап, әр кезеңде жақсы өнер көрсеткені үшін 5 «б» сыныбының оқушысы Сағатова Еркежан Бас жүлде, 5 «ә» сыныбының оқушысы Талғат Сәнім І орын, 7 «а» сыныбының оқушысы Мейірман Ақжарқын ІІ орын, 6 «а» сыныбының оқушысы Төкенова Назерке ІІІ орынды қанжығаларына байлады. 5 «а» сынып оқушысы Сағынтаева Алтынай «Сәнқой ару», 6 «ә» сынып оқушысы Абзалбекова Эльза «Сымбатты ару», 6 «б» сынып оқушысы Төлеубекова Наргиз «Көрікті ару», 7 «ә» сынып оқушысы Жиренова Ақбота «Инабатты ару», 7 «б» сынып оқушысы Болат Айсұлу «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша марапатталды.
Оқушылардың көркемдік-эстетикалық талғамын дамыту, қол жұмысы дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қиялын, шеберліктерін дамыту мақсатында «Көрме-2021» көрмесі ұйымдастырылды.
Апталықты мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері мен сынып жетекшілері және көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.Мауиенова жоғары деңгейде өткізді.
Н.Тұрғамбеков,
«Сұлтанмахмұт
Торайғыров атындағы тірек мектебі (РО) КММ
тәлімгері