
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Ұлы тұлғаның ескерткіші

Көкпекті ауылының төрінен Ұлы тұлға Абай атамыздың бюсті орын алды.
Бұл біздің ауылымыз үшін өте үлкен жетістік, мақтаныш, қуаныш. Ұлы тұлғаны танып білу, бағалау, насихаттау, әрбір қазақтың, Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың ой санасына тың серпілістер туғызып, мақсатына жетуге ынталандырды.
Осы мақсатта орнатылған бюст өскелең ұрпақтың білім-ғылымды меңгеруге, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруіне ықпалын тигізері хақ.
Абай әлемін танып білген ұрпақтың болашағы жарқын болары айдан анық. Өскелең ұрпаққа әрқашан ақын шығармаларын, өмірбаянын, даналыққа толы өсиеттерін насихаттау арқылы келешегі зор, ақылы мен білімі сабақтасқан, мақсаты айқын, еңбегі жемісті, таланты мен талабы мықты жас ұрпақты тәрбиелейміз және қалыптастырамыз.
Осы орайда ескерткіштің орнатылуына себепкер болған ауыл әкімшілігіне үлкен ризашылық білдіреміз.
Мұндай тың жаңалықтар ауыл үшін үлкен мәртебе деп санаймын. Абай атамыздың әр сөзі осы жерде тұрған адамдардың жанына қуат, рухына жігер, санасына ақыл беретініне сенімдімін. Жол бойынан өтіп бара жатып, таңғажайып сезімде болып, Абай атамыздың ескерткішіне тағзым етіп өту ұлы мәртебе деп білемін.
Б.Кервенова,
Көкпекті орта мектебің
бастауыш сынып
мұғалімі