taza-kaz

«Ұлы жібек жолынан» - бүгінге дейін


09.10.2021

Қазан айының 7-жұлдызында Ботақара кентіндегі мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бұқар жырау ауданы бойынша «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» атты фестивалі дүркірей өтті. 

Осы шараға аудан әкімі С.Аймақов, аудандық мәслихат хатшысы А.Әли, Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы С.Шибаева, аудан әкімінің орынбасары Ә.Елубаева қатысты.

Аудан тұрғындары көп кісінің қатысуымен ұйымдастырылған осындай мәдени шаралардан тосырқап қалғандай. Мәдениет үйінің алаңында Ұлы Жібек жолымен келе жатқан керуен қызылды жасылды киім киінген адамдардың тобымен бейнеленген.

Атпен шауып, сүйінші сұрап, үлкен сауда керуені келе жатқаны хабарланған жаңалық барша қазақ даласына жеткен. Сауда байланысының жүру жолдарының көрінісіндей - асыл тастар мен алтын, күміс, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулар өткен ғасырларда да қазақ халқының үлкен сұранысына ие болған. Олар төрт түлік малмен, мата, азық-түлік және басқа да керек-жарақтармен айырбасқа түсу жолымен жүзеге асырылған.

Кейіннен айырбас түрінің орнын ақшаға сатып алу жалғастырады. Ауылдар мен қалаларды байланыстыратын орталықтарға – күні бүгін біздің барып жүрген базарларымыз, жәрмеңкелер мен сауда жолдары айналды.  

Жібек жолы бастапқыда қытай жібегін Батыс елдеріне шығаруға қызмет етті. Өз кезегінде онымен Римнен, Византиядан, Үндістаннан, Ираннан, Араб халифатынан, ал кейіннен Еуропа мен Русьтен өндірілетін тауарлар тасылды. Және осы жолмен сату мақсатында Ферғананың асыл тұқымды аттары, араб және нисия арғымақтары, түйелер мен пілдер, барыс пен киіктер саудаға түскен.

Ұлы жібек жолы – адамзат өркениеті жасаған тарихи ескерткіштердің бірі. Ол сонымен бірге тұрақты жол емес, ол уақыт талабымен қайта өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі жолы өзгермеген ұлы жол. Бұл күні дүбірлей өткен шарадан ұлтымыздың салты мен дәстүрінен, әдеп-ғұрпынан тағы да кеңінен хабар алып, өзіміздің қазақ болып өмірге келгенімізге қуанып қайттық.

Шараның өту барысы туралы толық нұсқаны газетіміздің келесі санынан оқитын боласыздар.

Қ.Ахметова



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?