
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Абайды тану - адамның өзін-өзі тануы

«Жас ұрпақтың бойындағы ұлттық рухты жаңғырту үшін не істеу керек» деген сұрақ талайдың көкейінде жүргені анық.
«Жас ұрпақтың бойындағы ұлттық рухты жаңғырту үшін не істеу керек» деген сұрақ талайдың көкейінде жүргені анық. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың « Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласын оқи отырып, дән риза болдым.
Жаңару жолына мән береміз деп, ұлттық құндылықтарымыз бен тарихымыздан қол үзу өте үлкен қателік деп білемін. Осы мәселелер президентіміздің мақаласында толығынан айтылған.
Әуелі біз жастардың бойына адамгершілік асыл қасиеттерді Абай өлеңдері арқылы сіңіру керекпіз. Абай қазаққа ғана емес, әлемге танылған ұлы тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде Абайды темірқазық етіп алсақ, адаспасымыз айдан анық.
Ағымдағы жылдың қазақ үшін ең маңызды мерекесі - Абай атамыздың 175 жылдығы. Бұл мереке біз үшін мемлекеттік дәрежеде өтетін үлкен шаралардың бірі. Осы тұрғыдан алғанда өткізілетін іс-шаралар, олардың мақсат-міндеттері мақалада тереңінен талқыланады. Абайдың «Толық адам» формуласына терең тоқталды. Әр адам «толық адам» формуласын түсіне біліп, оның ерекшеліктерін өз бойынан іздей білуі керек.
Мақалада айтылған «Әр шаңырақта Абайдың кітабы мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы тұруы керек» деген ой маған қатты ұнады. Бұл сөздің төркінінде қазақ пен Абай егіз ұғым деген түсінік жатқаны анық.
Біз жастарды Абай шығармаларымен тәрбиелеуді мектеп жасынан бастауымыз керек. Бұл педагогтардың мойнындағы үлкен міндеті. Егер жастар Абай шығармаларымен танысып қана қоймай, оны өз ой елегінен өткізе білсе, еңбегіміздің нәтижелі болғаны. Осы мақсатта президентіміз алда 500- ден астам мемлекеттік, қалалық, аудандық іс-шаралар өткізілу керек деп отырғаны да қос қолыңды көтеріп қолдайтын бастама. Ендігі тілеріміз - осы шаралар өз деңгейінде өтіп, жас ұрпақ санасына аз да болса саңылау түсірсе деген тілек.
А.Жагсалах,
Ботақара орта мектебінің
кітапханашысы