taza-kaz

Жыршылар сыныбы ашылды


07.03.2020

Наурыз айының 5-ші жұлдызында «Руханият» қосымша білім беру орталығының Үштөбе ауылындағы филиалынан Бұқар жырау Қалқаманұлы атындағы жыршы-жырау сыныбы ашылды.

Наурыз айының 5-ші жұлдызында «Руханият» қосымша білім беру орталығының Үштөбе ауылындағы филиалынан Бұқар жырау Қалқаманұлы атындағы жыршы-жырау сыныбы ашылды.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Шагурашид Мамалинов, мәслихат хатшысы Асхат Әли, аудан әкімінің орынбасары Айдын Алимов, жыршылар мектебінің алғашқы ұстазы Алмаз Алматов бастаған ел ағалары қатысты.

Үштөбе төрінен ашылған жыршы-жырау сыныбының жетекшісі болып республикалық айтыстардың жүлдегері Тілеген Әділов сайланды. Ашылу салтанатында Үштөбе орта мектебінің өнерпаздары, бұған дейін ашылған жыршы-жыраулар сыныбының шәкірттері өнер көрсетті. 

Ауданымыз бойынша үшінші болып ашылған көмекей әулие атындағы жыршы-жыраулар сыныбының қатары әлі де толығатын болады.

Толығырақ газетіміздің келесі санында оқи аласыздар.

Б.Жакешова

Д.Торжановтың суреті



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?