taza-kaz

Ұлы халықтың ұлы Абайы


07.03.2020

Абай Құнанбайұлы ұлы ақын болуымен қатар туған қазағына ғана емес, барша «адамның баласы – бауырына» қараңғыда жол сілтер жарық сәуле. 

Абай Құнанбайұлы ұлы ақын болуымен қатар туған қазағына ғана емес, барша «адамның баласы – бауырына» қараңғыда жол сілтер жарық сәуле. Халықтың «көзін ғана емес, көкірегін ашу» үшін Жаратушы тұтатқан ақиқат ұшқыны. Оның ұшқыны ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған.

Ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдерін, әндері мен күйлерін өскелең ұрпақтың бойына саналы түрде сіңіріп, тәрбиелік мағынасын ұқтыру, жас оқырманның санасына Абай шығармаларының рухани мәнін түсіндіріп, балалардың бойындағы патриоттық сезімдерін ояту, Абайдың күйлерін орындау және насихаттау мақсатында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қазақстан Жазушылар Одағының қолдауымен «Ғұмырдария» орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының арасында 2020 жылдың 27 ақпанында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» Халықаралық ән-жыр байқауы Алматыда өтті.

Атаулы байқау республикалық дәрежеде өткендіктен Қазақстанның әр түкпірінен үміткерлер келіп, бақ сынасты. Байқауға Бұқар жырау ауданы, Доскей ауылы Елтай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Какенованың жетекшілігімен 6 сынып оқушылары Д.Кобаева, А.Ниханбаева, А.Жүнісова қатысты. Байқау шартына сәйкес үміткерлер Абайдың поэзиялық шығармасы мен қара сөзін мәнерлеп оқудан, әндерін нақышына келтіріп орындаудан бақ сынасты.

Қазылар алқасы қатысушылардың көркем мәтінді таңдау және оқу, әнді орындауы мен актерлік шеберліктеріне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне және сахна мәдениетіне баса назар аударды. 

Нәтижесінде«Көркем сөз» оқу номинациясы бойынша Абайдың поэзиялық шығармасы мен қара сөздерін мәнерлеп оқудан I орынды Ниханбаева Аяулым мен Кобаева Дильдана, II орынды Жүнісова Аружан иеленді. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар, жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Оқушылардың ұлы тұлғаны ұлықтаудағы талпыныстарына қарап, Абайдай дара тұлғаның асыл мұрасының құндылығын ешқашан жоғалтпайтынына тағы да бір көз жеткіздік. Жас ұрпақ Абайды тану арқылы,елімізді Абай армандаған биік белестерге шығаратынына сенеміз.

 

Л.Жайлаубаева,

директордың

тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?