taza-kaz

Абай әлемі


07.03.2020

Биыл ұлы ақын Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойы. 

Биыл ұлы ақын Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойы. Абай атамыздың мерейтойы әлем бойынша тойлануда. Біздің мектебімізде де «Ұлы тұлғаны ұлықтайық» атты семинар өтті. Семинарда ашық сабақтар мен сынып сағаттары қазақ және орыс тілінде өткізілді. Мектебіміздің кіре берісінде Абай ауылы дайындалып, рухани құндылықтарымызды дәріптейтін ою-өрнектер оқушылар қолымен жасалған қолөнер бұйымдарымен жабдықталды. Еңбек пәні мұғалімі Абай атамыздың портретін тоқымасыз гобелен әдісімен жасап дайындады.

8 орыс сыныбында Қазақстан тарихы мен қазақ тілі сабақтарынан кіріктірілген сабақ өткізілді. Сабақты Аяжан Қазыбекқызы мен Сәуле Абылқызы өткізді. Сабақ өте қызықты, көңілді өтті, олардан көп мағұлматтар алдық. “Ұлы тұлғаны ұлықтайық“ атты концертте  Абай атамыздың өлеңдері мәнеріне келтіріліп оқылып, әндері шырқалды.

Абай атамыздың бізге жеткен өлеңдері мен әндерін мектеп көлемінде жаттап,  мерейтойына арнап концерт бердік. Абай Құнанбаев бүгінге дейін өмір сүруде.

«Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос». Данышпан айтқан әр сөздің алдыңнан шығуы заңдылық. «Бар қазақ - бір қазақ» деген идея ұстанған еліміздің саясаты да осыған саяды. Елбасының Абайдың өсиетін, Абайдың жолын елді адастырмас Темірқазық санауы, сәт сайын ғақлия сөздеріне сүйенуі де сондықтан болар.

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек.

Тағдыр жоқ қайтқан өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек.

Бар қазақтың табынары - Абай. Абайдың сөздері, Абайдың жолы, Абайдың өсиеті. Абайдың жолын, істеген ісін біз халқымызға паш етуіміз керек.

Абайдың бастау бұлағы ғылымға деген махаббаттан басталады. Абай өзінің 38-ші қарасөзінде «Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады» дейді. Өйткені, ғылым-білімге махаббаты оянған адам ғана өзін таниды, Алланы таниды, дүниені таниды дейді. Болмаса жоқ, я болмаса шала дейді. Абайдың осы сөзіне біз назар аударуымыз керек.

Даңқы бар тұлғаның қасиетіне бас иетін халқы бар. Абай дүниетанымын зерделеу арқылы дүниені тану - парыз. Алайда, данышпанның ойынан өткізгенін бар қазақтың бойына сіңіру де оңай емес.

Абайдың айтқан сөздерін Еуропаның бір ойшылы айтпаған. Абай айтады: «Махаббатпен жаратқан адамзатты». Алла Тағала адамзатты махаббатпен, ыстық мейіріммен жаратқан. Олай болса, бәріміз де адамзатты бауырым деп сүйейік.

“Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, руһына сонша жақындаймыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар.

Бірінші ақынымыз деп қабіріне халқы жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар.

Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің руһымыз сезер, қуанар» , -деп Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатов атамыз жазып кетіпті.

Мәңгілік ел болуды ниет еткен елмен ұлы Абайдың мұрасы да бірге болары анық.

Санобар Рустамшикова,

С.Т.Елгезек атындағы

 негізгі мектебінің

8 сынып оқушысы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?