
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Көкпектідегі “Ақберен сайысы”

Әрбір оқу жылы оқушының жүрегінде өмір бойы сақталып қалады.
Әрбір оқу жылы оқушының жүрегінде өмір бойы сақталып қалады. Себебі, мектепте оқыған жылдар алға жүру, даму, биіктерге ұмтылу, білім игеру, жеңістер мен жеңілістер легі болып, көңіл кітабында жазылып қалады.
Биылғы оқу жылының да алты айы зырылдап өтті. Әр мектеп - жақсы жаңалықтардың ұясы, ондағы ұстаздар мен оқушылар бір-бірімен тіл табысып, бірге білім кенін қазады, жаңалықтар ашады, тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, өнер үйренеді. Ауданымызда көптеген өнер түрін меңгеруге жағдай жасалған, біздің бақытты балаларымыз түрлі үйірмелерде өзіне ұнаған өнерді меңгереді.
21 ақпанда Көкпекті орта мектебінде “Ақберен” атты аудандық байқау ұйымдастырылған болатын.
Аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Мөлдір Қанатбаева:
- “Ақберен” аудандық байқауының мақсаты мен міндеттері - 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, оқушының тапқырлығы мен талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілеттеріне ден қою - ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау секілді шығармашылық қабілеттерін анықтау үшін әрбір оқу жылында дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Осы жылы байқау “Шешендік өнер”, “Көркем сөз”, “Эссе жазу”, “Ұлттық аспапта ойнау”, “Ақындар айтысы”, “Ақындар мүшайрасы” сынды алты номинация бойынша өткізілді, - деген болатын.
Ауданымыздың аумағында орналасқан Токаревка, Байқадам, Елтай, Заречный, қазақ тірек мектебі, Ростовка тірек мектебі, Ақжар НМ, Нұра, Үштөбе, Ботақара, Кузнецкий, Петровка, Көкпекті, Ақтөбе, Калинин, Қаражар, Белағаш, Амангелді орта мектептері, Алғабас НМ келген ұстаздар мен оқушылар ең алдымен кіре беріс фойеде тіркеуден өтті. Барлығы 19 мектептен 63 оқушы қатысқанын айта кету керек.
Мектеп - баланың бойына небір жақсы қасиеттерді сіңіретін киелі орын. Үстілеріне қазақтың ұлттық киімін киіп, сыныптарда отырған балалардың жүзінен ерекше толқуды аңғардық. Өнерлі бала өте көп, олардың өнерінің көзін ашу - бүгінгі ұстаздарымыздың абыройлы міндеті. Сонымен, жекелеген сыныптарда әрбір номинация сынға түсті. Әрбір номинация бойынша әділқазылар алқасы құрылып, олар өз міндеттерін атқаруға кірісті.
Сонымен, біршама уақытқа созылған сайыстың қорытындысы жасалды. Петровка орта мектебінің 10-сынып оқушысы Хавдуллин Инкар “Эссе жазу” бойынша, Ботақара орта мектебінен Болатов Сағыныш “Ақындар мүшайрасы” бойынша, Кузнецкий орта мектебінің 10 сынып оқушысы Кенжетал Алигат “Шешендік өнер” бойынша, “Көркем сөз оқудан” Ростовка тірек мектебінің 11-сынып оқушысы Төлеу Халипа, “Ұлттық аспапта ойнау” бойынша №1 қазақ тірек мектебінің оқушысы Нұртай Асыл, “Ақындар айтысы” бойынша Көкпекті орта мектебінің 8-сынып оқушысы Хинаят Дастан жүлделі орындарға ие болып, облыс орталығында өтетін “Ақберен” сайысына жолдама алды.
Марапаттар тапсыруға арналған салтанатты сәтте әділқазылар алқасы облыс орталығында өнерпаздарға үлкен талаптар қойылатынын, сол себепті мектептеріне барған сәттен бастап облыстық сайысқа баруға дайындықтарын пысықтып, көрсетілген сенімнің үдесінен шығу керектігін қатаң тапсырды.
“Жігітке жеті өнер де аз” дейді дана халқымыз. Жоғарыда аталған өнердің тым болмаса біреуі баланың бойынан табылып жатса, сол өнері балаға өмір бойына азық болады. Осы өнерін серік етіп ол қосымша табыс көзін табуға мүмкіншілік алады. Ауданымыздың аумағында бала бойына там-тұмдап болсын өнер дәнегін сіңіріп жатқан ұстаздар қауымына шыдамдылық, денсаулық, шығармашылығында жеміс тілейміз.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреттерінде: көрме тамашалау; сайыстар сәттері; марапаттарды иелеріне табыстау.