taza-kaz

Адамның бірі қызығы бала деген...


22.02.2020

Абай атамыз жырлағандай, әрбір ата-ана баласының болашағы үшін алаңдайды.

Абай атамыз жырлағандай, әрбір ата-ана баласының болашағы үшін алаңдайды. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтарын жүзеге асыратын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата-ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды.

Бала-шағаның қамымен жүрген ата-ана бала тәрбиесіне де толық көңіл бөле алмай отыр. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталып, қалыптасады. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру мақсатында ата-аналар жиналысының да рөлі ерекше. Заречный орта мектебінің 9-сынып оқушыларының ата-аналарымен «Адами қарым-қатынас ізгіліктері» тақырыбында өткен жиналыс осының көрінісі. Жиналыс барысында сынып жетекшісі Б.Кәрібекова ата-аналарды дөңгелете тұрғызды. Ата-аналарды үш топқа «Ана», «Әке», «Бала» деп бөлді. Мұғалім ата-аналарға бала мен ананың қадірін схема түрінде бірлесе отыра талдатып, ата-аналарға топтық жұмыс берді. Үш топқа бөлінген ата-аналар «Ана» тобы «Тәрбиелі баланың» сипатын, «Бала» тобы «Тәртіпсіз баланың» сипатын, «Әке» тобы «Балаңыз табысты оқушы болуы үшін не істей аласыз?» деген сұрақтарға жауапты постерге түсіріп, ортада қорғады. Әр топ өз ойларын ортаға салды. «Бала» тобындағы ата-аналар «Тәртіпсіз бала қайдан шығады?» -деген сұрақ қоя отырып, ондай баланы дұрыс жолға қою жолын атап өтті. Соңынан «Жұдырық» ойыны өткізілді. Бұл ойында топтағы көрші отырған ата-аналар біреуі жұдырығын түйіп, екіншісі оны ашуға тырысты, екіншісі оны аштыртпауы керек, енді осыны қарама-қарсы қайталады. Соңынан талдау жасалды.

Біз әбден күш көрсеткенге, адам жанын қинауға құмармыз. Жай сөйлесек, «жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады», біз күштемей-ақ қолыңызды аша салыңызшы деп айтуымызға да болар еді. Содан кейін топтағы ата-аналарға «Бала, баланың ісі шала» деген тақырыпқа сай жағдаяттар берілді. Ата-аналар сол жағдаяттан шығу мақсатында сахналап көрсетті. Біреуі оқушы, біреуі директор, біреуі тәрбие ісінің меңгерушісі, біреуі ата-ана болып өз рөлдерін жақсы сомдап шықты. Сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді? - деген сұраққа ата-аналар өз ойларын қағазға жазып, оны алма ағашына жапсырды. Содан кейін ата-аналарды сынып оқушыларының жетістігімен таныстырды. Соңынан ой-толғаныс жүргізілді. Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. «Сіздер баладан жүрек жылуын аямай, балаға бір сәт болса да бала көзімен қараңыз»,- дей отырып ата-аналарға алтын уақыттарын бөліп келгені үшін рахметін айтты.

Динара Сейфуллина,

Заречный орта мектебінің тәлімгері



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?