
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының қатысушысы

Қарағанды облысының әрбір екінші кәсіпкері «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қатысушылары болып табылады. Бұл туралы брифингте Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлнәр Құрбанбаева мәлім етті.
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үш жыл толды. Осы уақыт ішінде жобалар саны 2019 жылы 200-ден 1000-ға дейін өсті. Және де бұл жай ғана ресми есептер. Облыс тұрғындары өздерінің қызықты идеяларын ұсына бастады, біз оларды қолдай бастадық. Бізде азаматтық бастамалар күні пайда болды, адамдар облыста өмір сүруді қалай жақсартуға болатыны туралы өз ұсыныстарымен келеді. 25-тен астам жоба қаржыландырылды және іске асырылды. Қайырымдылық акцияларға қатысатын әлеуметтік жобалар мен адамдар саны арта бастады. Біздің жасаған сараптамалық бағалауымызға сай, облысымыздың әрбір екінші кәсіпкері – осы бағдарламаның қатысушысы болып табылады. Әлеуметтік жобалардың көпшілігін меценаттар мен еріктілер жүзеге асырады. Яғни, 88 000 кәсіпкерлік субъектілерінің жартысы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысатын кәсіпкерлеріміз», - дейді Гүлнәр Құрбанбаева.
Оның айтуынша, бағдарлама – бұл кез келген адам өз бастамасы бойынша жүгіне алатын нақты алаң. Және оның идеясы қолдау табуы мүмкін. Бірігіп, көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге, мұқтаж адамдарға көмектесуге болады.
- Жыл сайын тұрғындармен, кәсіпкерлермен, кәсіпорындардағы қызметкерлермен, ҮЕҰ-мен маңызды мәселелер туралы түсініктеме беру және ол туралы айту үшін Жобалау кеңсесі 100-ден астам кездесулер өткізеді. Бүгінгі біздің өңірде және жалпы елімізде бар міндеттерді бірге шешейік. Біз өңірдегі 431 елді мекеннің барлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысқанын қалаймыз. Мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың күш-жігерін біріктіріп, бағдарламаны облыс тұрғындары үшін неғұрлым қызықты ету үшін жұмыс жасауымыз қажет, - дейді ол.
Қарағанды облысы әкімінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Бекзат Алтынбеков ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді. Оның айтуынша, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне көп көңіл бөлінбек.
- Биыл өңірде бірнеше жоба жүзеге асырылады. Мысалы, Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Абайдың інілері - қазақтың ірілері» атты поэзия күнін өткізу жоспарлануда. Биылғы жылы Қарағанды облысының 100 жаңа есімі анықталып, әр аудан мен қала бойынша көрнекті тұлғалардың тізімі жасалады. Сондай-ақ, қасиетті орындардың сайты және оларға жолсілтемелер жасалады, «Туған жерге туыңды тік» атты жерлестер форумын өткізу де жоспарда бар, - деді Бекзат Алтынбеков.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының ережелері негізінде әзірленді. Онда ұлттың жаңа тарихи кезеңдегі негізгі мақсаты белгіленген - рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және көбейту, әлемнің дамыған 30 мемлекеті қатарына кіру.
karaganda-region.gov.kz