
Оқиғалар
Айдарлар
Мерейтойыңмен, газетім!
Реформа өміршең өзгерістер
Балалар жылы
Елбасы
Халық санағы
Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
COVID
Жолдауға - қолдау
Аудандық әкімдікте
Қазақстандықтар табыс жолында
Патриоттық тәрбие
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Мемлекеттік қызметтер
Құқықтық тәрбие
Ақпараттық топ жұмысы
Ардагерлерге - құрмет
Еңбек адамы
Деніңіз сау болсын
Тұрғындар назарына
Мектеп өмірінен
Ауыл хабарлары
АӨК және бизнес
Туган жер
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
Biz birgemiz
Ресми
Кәсіпкерлікті дамыту
САЙЛАУ
Дін
Жемқорлықпен күрес
Референдум
Аудан жаңалықтары
Истории успеха
- Тағы
Абай - дара, Абай - дана қазақта

Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау мақсатында Мәнжі батыр атындағы Қаражар орта мектебінде Абай әндерінің байқауы өтті.
Игі шараның оқушыларға берер тәлім мен тәрбиесі, өнеге мен білімі мол болды. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.
Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбылнама болып қызмет етіп келеді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. “Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп, бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді“, - деп Ж.Ысмағұловтың айтқан құнды ойы ұлы ғұламаның 175 жылдығының кең ауқымда мектебімізде аталып өтуінің айқын дәлелі болды.
Ән байқауында оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, ақынның өлмес құнды мұрасының мән-мағынасына терең бойлай білді. Бұл шараға қатысушылар өздерінің жақсы дайындықпен келгендерін дәлелдеп, жиналған жұртшылықтың ризашылықтарына бөленді. Оқушылардың сынып жетекшілерімен қосылып құйқылжыта ән салғаны құлақтан кіріп бойды алардай сезімге бөледі. Абайдың мол мұрасын әрі қарай дәріптеу мақсатында мектебімізде ұстаздар мен оқушылар арасында әр дүйсенбі «шығармалар эстафетасы» өтіп тұрады. Рухани бай, кемеңгер ұрпақ тәрбиелеуде аталған іс- шаралардың өткізілуі мол жемісін береді деген сенімдемін.
А.Баймұрынова,
орыс тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қаражар орта мектебі