Құқықтық сауаттылық – заман талабы


23.07.2022

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттарының бірі – бәсекеге қабілеттілік. Толыққанды бәсекеге қабілетті болу үшін халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, сауаттылығын арттыру қажет.

Құқықтық сауаттылықтың жеткіліксіз деңгейі азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, ал жазасыздық сезімі тәртіпсіздікке және заңнаманың бұзылуына және өзге де заңсыз әрекеттерге әкеледі.

Балалардың мінез-құлқының нормадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішіндегі ең бастысы, отбасы жағдайы болып есептеледі. Өйткені, тұлғаның жеке басының жаман-жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып, үлгі тұтары - ең алдымен өздерінің ата-аналары. А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда: «Тәлім-тәрбие кең түрде алғанда - әлеуметтік процесс». 

Баланы тәрбиелеуде ата-аналармен қатар, ұстаздардың да үлесі зор. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан-жақты танып білу қажет. Орын алған жағдайды, мәселені шешуде ұстаз ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жасауы керек.                   

Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкарас та күннен-күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарындағы ақпараттың жылдам, кең таралуы пайдасымен қоса зиянын да келтіруде.   

Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аздық етеді, оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру керек. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды оқу үрдісіне пайдалану – ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес тәрбие беруде ұстаздардың ізденістерінің нәтижесінде өскелең ұрпақтың біліктілігін қалыптастырады. Тұлғаның танымдық ойлау қабілетін дамытып, шығармашылықпен айналысуына ұмтылдырады.

Тұлғаның құқықтық мәдениеті - кез келген мемлекет алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды. Ол құқық қоғам мен қоғамның әрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті нашар дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды. Заңды білмеу - құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.

А.Жаппарова,

Ростовка тірек мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



Вернуться назад

Прямая линия 8 72154 21885 8 72154 21773
Нам
отвечают
Архив
номеров

Опрос

Какая проблема района волнует Вас больше всего?