Соған қарамастан мазмұндық тұрғыда ол елдің ішкі тәртібін сақтаушы, қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етуші бірден-бір сала ретінде қалыптасты.
Тәуелсіздік алған жылдардың ішінде ішкі істер саласы жаңа қазақстандық полиция келбетін қалыптастырып, Отаны, жерлестері үшін жанын аямайтын абзал азаматтардың кәсіби ортасы екендігін дәлелдей білді.
Бүгінде нысанды киім киіп, ауыр да жауапкершілігі көп салада ел игілігіне қызмет ету көптеген жастың арманы. Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» заңнамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, атаулы салада қызметке тұрудың тәртібі бірталай өзгерген.
Осы мәселе жөнінде Бұқар жырау аудандық ішкі істер басқармасы бастығының кадрлар ісі жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Көпбаев Берік Талғатұлымен сұхбаттастық.
- Берік Талғатұлы, заңдағы жаңа редакцияға сәйкес, ішкі істер органдарына қызметке орналасуда қандай ерекшеліктер, жаңашылдықтар енгізілген?
- «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамаға сәйкес «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының жаңа редакциясында құқық қорғау органдарына қызметке отыз бес жастан аспаған азаматтар қабылданады деп көрсетілген. Осыған дейін кіші құрамға тек қана 25 жастан аспаған азаматтар қабылданады делінгендіктен, көптеген тұлғалар атаулы жастан асып кетуіне байланысты бізге қызметке тұра алмай келді. Жаңашылдық сол азаматтардың бақтарын сынап көруге тағы бір мүмкіндік сыйлап отыр. Енді олар 35-жасқа дейін бізге қызметке орналаса алады.
Оған қоса, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2017 жылғы 1 тамыздағы бұйрығына сәйкес кіші басшы құрам арнайы тестілеу барысында ҚР Конституциясы, «Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл туралы» ҚР Заңы және мемлекеттік қызметкерлердің Этикалық кодексі бойынша сауалдарға жауап береді. Осыған дейін 5 нормативтік құқықтық акт бойынша тест тапсырған қатардағы құрам үшін олардың саны үшке дейін қысқартылған.
Ал, ішкі істер органдарының орта басшы құрамдары осыған дейін тапсырған 7 нормативтік құқықтық акт орнына ҚР Конституциясы, «ҚР Президенті туралы» ҚР конституциялық заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» заңдар мен мемлекеттік қызметкерлердің Этикалық кодексі бойынша тест сауалдарына жауап береді.
Атаулы кезеңнен өткеннен кейін тұлғаның физикалық дайындығы, жүктемелерді көтеруі тексеріліп, арнайы әскери-дәрігерлік бақылаудан өтеді. Бұл да өте маңызды кезең. Себебі, бала күннен денсаулығында ақауы бар тұлға үшін берілген тапсырмалар қиын болып, күтпеген жерден денсаулығы сыр беруі мүмкін. Яғни, қатарымызға алынатын әрбір маманның жан-жақты барлық талапқа сай болуына жауапкершілікпен қараймыз.
Бұның барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 28, 29, 30 қадамдарына сәйкес жүзеге асырылып отыр. «28-қадам. Полиция қызметкерлерін іскерлік қабілеттері негізінде іріктеу жүйесін жақсарту. Кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудің арнайы жүйесін енгізу» деп көрсетілген. Сондықтан жұмыс барысында біз өз қатарымызға қабылданған жас буынның білім-біліктілігіне, кәсіби қабілеттеріне, жалпы адамгершілік сипатына үлкен мән береміз. Үнемі олардың бұрынғы жұмыс орнынан, мектептерінен мінездемелік анықтамалар алып, оның полиция қызметкері болуға лайықтығын анықтаймыз. Халық қашанда сыншы. Ал қатарымызда көпшіліктің құрметіне ие болуға лайық емес тұлға жүрсе, ол барлық құрамның беделіне әсер етеді.
Жалпы құқық қорғау саласы жоғары жалақы төленетін ведомстволардың бірі. Менің өзім құқық қорғау саласына 33 жасымда келгендіктен, жасына қарап, басқа салада жүрген азаматтар үшін тың өзгерістер жақсы жаңалық болуы тиіс деп ойлаймын.
- Өзіңіз тоқталып өткен қызметке тұрудың жалпы талабы осы. Ал ауылдардан немесе шалғай аудандардан ауысып келемін деушілер қызметке тұруды неден бастауы керек?
- Біздің еліміздегі заң талаптарына сәйкес, босаған жұмыс орнына ауылдан келген азамат та, басқа аудандағы қызметінен ауысып келген азамат та, яғни ішіндегі бәсекеге ең қабілеттісі іріктеп алынады. Бұрын азаматтар жұмысқа орналасу үшін кадр қызметіне құжаттарын тапсырып, байқаудан өткеннен кейін тест тапсырса, қазір олар алдымен тесттен өтіп және жеке қасиеттерін бағалайтын, заңдар туралы білімі белгілі межеден жоғары тапсырылған сертификатын қолына алып келеді. Тест өту үшін кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында жазылып, тест өтетін қаланы және уақыты мен күнін таңдай алады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Сондай-ақ тесттен өтуге «E-gov электронды үкімет порталы» арқылы жазылуға болады. Ол үшін электронды-цифрлық қолы болуы қажет. Ал ішкі істер басқармасындағы бос орындар туралы облыстық баспасөз көздері, Қарағанды облысының ІІД сайты арқылы біле алады. Біз де өз кезегімізде аудандық басқарма бойынша қажетті мамандарды ай сайын облыстық БАҚ-тарға жіберіп тұрамыз.
Тест тапсырудағы тағы да бір өзгешелік, осыған дейін тестілеуден тиісті көрсеткішке қолы жетпеген тұлға қайта тестілеуден араға 2 ай салып қана өтсе, жаңа редакцияға сәйкес, атаулы мерзім бір айға дейін қысқартылған.
Бұның барлығы ынталы азаматтардың жолын ашып, полиция қатарына өз ісінің шынайы мамандарын алуға бағытталған. Өздеріңіз білетіндей, Елбасы тапсырмасымен қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметтері құрылды. Олар жергілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып, елдімекендердің санитарлық жағдайына, ішкі ахуалына жіті назар аударып, бұқарамен етене жұмыс жасауда.
Қазіргі уақытта Бұқар жырау аудандық ішкі істер басқармасының жеке құрамында 106 қызметкер, Ғ.Мұстафин кентіндегі полиция бөлімінде 72 қызметкер еңбек етеді. Солардың барлығына қойылатын ортақ талап – ішкі тұрақтылық пен қауіпсіздік жолында еңбек ету.
- Жыл сайын алдыңғы буын құрметті еңбек демалысына кетіп, олардың орнын жас буын басып жатады. Оларды да тәлімгер аға полиция қызметкерлері өз қанаттарының астына алып, тәрбиелейді. Өз тарапыңыздан олардың бойында қандай қасиеттің болғанын басты орынға қоясыз?
- Ішкі істер органдарына қызметке тұратын азамат ең алдымен өз елінің патриоты болуы керек. Күнделікті тыныш, мамыражай өмірімізде патриот болу, өз Отаныңа қызмет ету деген ұғымдарға мән бере қоймаймыз. Кей кезде қызмет барысында түрлі жәйттарды көзімізбен көріп, өз елінің тыныштығын күзеткен азаматтардың ерлігіне қарап, Отанымыздың әр азаматы патриот болу керек деген ой түйесің.
Сондықтан әрбір қазақстандық азамат ошақ басынан баласының санасына Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіріп, нағыз елін сүйетін тұлға ретінде қалыптастыра білуі керек деп ойлаймын.
- Әрине, әркім еліне, жеріне жанашырлық танытып қызмет етсе, мемлекетіміздің гүлденері сөзсіз.
Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан Н.Әбікеева
Д.Торжановтың суреті
- События
- Рубрики
- С юбилеем, "районка"!
- Президентские реформы в действии
- Год ребёнка
- Елбасы
- Перепись населения
- 30 лет независимости Казахстана
- COVID
- За строкой послания
- В акимате района
- Казахстанцы на пути к успеху
- Патриотическое воспитание
- Государственный язык – мой язык
- Государственные услуги
- Воспитание законом
- Работают ИПГ
- Дела ветеранские
- Человек труда
- Будьте здоровы
- К сведению населения
- Из жизни школы
- Вести из села
- АПК и бизнес
- Рухани жаңғыру
- Никто не забыт - ничто не забыто
- Biz birgemiz
- Официально
- Развитие предпринимательства
- ВЫБОРЫ
- Религия
- Борьба с коррупцией
- Референдум
- Новости района
- Истории успеха
- Ещё