Тағам сапалы болуы үшін


23.02.2019

Өткен аптада "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы ғимаратында өткен дөңгелек үстелге қоғамдық денсаулықты қорғау Басқармасы басшысының міндетін атқарушы О.Жұбатова, санитарлық гигиеналық бақылау және техникалық регламентті сақтау бөлімінің басшысы Г.Төлеуова, осы бөлімнің жетекші маманы Г.Маширова, прокурордың орынбасары Р.Рахатов, Бұқар жырау аудандық кәсіпкерлер Ассоциясының төрайымы А.Дакирова, ауданның жеке кәсіпкерлері қатысты.

Бұл күні әңгіме өзегі болған мәселелер - "ҚР  2016 -2019 жылдарға "Денсаулық" бағдарламасын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы", " Тұрғындар арасында құнарлы тағаммен қамтамасыз ету бойынша шаралар өткізу", " Жоғары және бірінші сортты бидай ұндарының фортификациялануын бақылауды күшейту" туралы болды.

Әрбір атқан таңмен әрбір адамның өміріне, сол сияқты мекемелер жұмыстарына да өзгерістер еніп жатады. Әкімшілік кодексіне болашақта енгізілмекші өзгерістер жайында і Орынай Жұбатова айтып өтті. Егер өзгерістер еніп жатса олар сәуір айында заңды түрде бекітілмекші екен.

"Денсаулық" бағдарламасының басты мақсаты - мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық өркендеуінің негізі ретіндегі  азаматтардың денсаулығын тиімді және орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету.

Жас ұрпақты азықтық микроэлементтермен қамтамасыз ету - ертеңгі күнге қалдыруға болмайтын жұмыс. Осы элменттердің жетіспеушілігінен адамдар, оның ішінде балалар да түрлі жетіспеушіліктерге ұшырап жатады. Соңы - олардың түрлі ауруларға шалдығуларына алып келеді.

Қазақстан Республикасында витаминдер мен минералдардың қосындысы немесе премиксі  Тағамтану академиясының арнайы климаттық, географиялық және басқа да ерекшеліктерін ескеру бойынша дайындаған фортификациялық ұнымен ерекшеленеді. Осындай ұндардың құрамына В1, В2, В3 витаминдер, фолий қышқылы, темір, цинк қажетті стандарт бойынша араластырылады. Қорытынды кезеңде жоғары және бірінші сортты ұнның бір тоннасына 150 грамм премикс қосылып, жақсылап араластырылады.

Бұқар жырау ауданы бойынша осындай ұндарды "Ак-Нура ХПП" бір күнде 340 килограмм  ұн шығару мүмкіншілігіне ие. Дәруменді-минералды қоспалардың құрамы шығарған өнімінің қаптамасына тігіліп, тұтынушы назарына ұсынылады.

О.Жұбатова осындай дәруменделген өнімдердің балалармен жұмыс істейтін және емдеу-алдын алу мекемелерінде, стационарларда, санитарлық-сауықтыру орындарында  табылатын адамдардың тұтынуы үшін сатылып алынуы қажеттігін баса айтты.    

Қ.Ахметова

Д.Торджановтың суретінде:  



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?