«Сот кабинеті» сервисі – халыққа тиімді


28.07.2021

Құрметті оқырмандар!

Елімізде карантин режимі әлі де жалғасуда. Карантин режимінің санитарлық-дезинфекциялық сақтану шараларын тиісті түрде орындау әрбір азаматтың парызы десек артық болмас. Осы орайда, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ сотқа талап арыз бергіңіз келсе, «Сот кабинеті» сервисін қолдануға болады.

«Сот кабинеті» сервисі - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналады. Аталған сервистің негізгі ерекшелігі - азамат немесе оның өкілі кез-келген ыңғайлы уақытта үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ интернет желісі арқылы сот құжатын жібереді. Сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады және сот актісін басып шығара алады.

«Сот кабинеті» сервисімен сіз ғаламтор арқылы сотқа электрондық түрде талап арыз, сот актілерін беру туралы, сот отырысы хаттамасымен танысу туралы арыз, сот отырысының аудио-бейнежазбасын ұсыну туралы өтінішхатпен және басқа да арызбен сотқа электрондық өтініштер бере аласыз.

Сот кабинеті арқылы сотқа келіп түскен талап арыздар, интернет арқылы түскен электронды талап арыздар және басқа да құжаттар электрондық кәртішкелерге тіркеледі. Оларға тіркеу талоны беріледі. Процеске қатысушы азаматтың ұялы телефон нөміріне немесе электрондық поштасына хабарлама (SMS-хабарлама) мен шақырту жолданады. Хабарламада істің нөмірі, логині және паролі көрсетіледі. Логин мен парольді пайдалана отырып сот процесіне қатысушы тараптар іс бойынша www.sud.kz сайтынан «Сот құжаттарымен танысу» модулінде іске қатысты барлық мәліметтермен таныса алады.

Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы АҚ-нан электрондық цифрлық қолтаңба алуы қажет.

«Сот кабинеті» сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, азаматтардың уақытын және қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді.

Қазіргі таңда ІТ-технологиялардың мүмкіндіктерін белсенді қолданудың уақыты келді. Азаматтардың өмірі мен денсаулығы - біздің басты құндылығымыз. Карантиндік режим кезінде заманауи технологияларды қолдану - азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді барынша азайтуға көмектеседі.

Аудан тұрғындарынан сотқа өтініштерді электронды түрде «Сот кабинеті» сервисі арқылы жіберуді сұраймыз.

 

С.Жұмабеков,

Бұқар жырау

аудандық

сотының төрағасы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?