Қазақстан президенті сайлауына шетелдік байқаушыларды аккредитациялау аяқталды



15.11.2022

ҚР Президенті сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген байқаушыларды аккредитациялау аяқталды. Барлығы 641 адам тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ОСК отырысында халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген байқаушыларды аккредитациялау аяқталғанын ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.

"Сайлау туралы" Конституциялық заңның нормаларына сәйкес шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың атынан байқаушыларды аккредитациялау сайлаудан бес күн бұрын жергілікті уақыт 18:00-де аяқталады. Яғни, бүгін сағат 18: 00-де біз аталған процедураны аяқтадық. ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров

Сонымен қатар, ОСК отырысында ШЫҰ-дан және ИЫҰ-дан бір-бірден бақылаушыны кері қайтару туралы қаулы қабылданды.

9 қарашадан 14 қарашаға дейін ОСК-да СІМ-нен аккредиттеуге 6 халықаралық ұйым мен 23 шет мемлекеттен 355 байқаушының кандидатуралары ұсынылды. Алты халықаралық ұйымнан аккредиттацияға 301 шетелдік бақылаушы ұсынылды. Оның ішінде ТМД миссиясынан – 5 бақылаушы, ТМД мемлекеттерінің ПАА-дан – 6 бақылаушы. ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды бақылау жөніндегі миссиясынан – 262 бақылаушы, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының миссиясынан – 21, АӨСШК – 3, Халықаралық Түркі академиясынан – 3 және ИЫҰ-дан - бір бақылаушы. 23 шет мемлекеттен аккредиттациялауға 54 бақылаушы ұсынылды. ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман

Осылайша, аккредиттациялау рәсімі аяқталған кезде ҚР ОСК халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 641 байқаушыны тіркеп үлгерді.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?