Президенттіктен үміткерлердің телевизиялық дебаты қашан және қалай өтеді



11.11.2022

11 қарашада сағат 20:00-де "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Регламентке сәйкес, теледебат төрт раундтан тұрады.

Бірінші раунд – "Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы". Онда қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады.

Екінші раундта "Пікірсайыс сессиясы" өтеді. Онда әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды.

Үшінші раунд - "Сайлаушылардың сұрақтары".

2022 жылдың 10 қарашасына дейін "Хабар" агенттігінде "ҮМІТКЕРГЕ СҰРАҚ ҚОЙ!»"айдарымен сайлаушылардан видеосұрақтар қабылданды. Яғни, азаматтарға кез келген кандидатқа өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Олар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын сұрақ жазып, оны debaty-2022@khabar.kz электрондық поштасына жіберді.

Сайлаушылардан келген сұрақтар ішінен әрбір кандидатқа кездейсоқ бір сұрақтан қойылады. Эфирде қойылмаған видеосұрақтар кандидаттардың штабтарына жауап беру үшін жіберіледі.

Төртінші раунд "Сайлаушыларға үндеу" деп аталады. Ол арада қатысушылар сайлаушыларға арналған өз үндеулерін жасайды.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?