Тұрғындардың үміткерлермен кездесуі


03.04.2021

Наурыз айының 26-жұлдызында Доскей ауылының модельді кітапханасына ауыл әкімі лауазымына үміткерлер шақырылып, олар ауылдың белсенді адамдары және жергілікті қоғамдастық мүшелеріне таныстырылып, сайлауалды бағдарламалары тыңдалды. Жиын карантин талаптарын барынша сақтау жағдайында өтті.

Ауыл әкімінің қызметін уақытша Әлем Көпбаева атқарып жүргенін айта кеткен орынды болар. Билік басындағы азаматтардың міндеті – осы лауазымға ауыл адамына жаны ашитын, қандай да жағдайда олармен бірге болатын, ауылдың мәртебесін биікке көтеретін адамды таңдап, міндеттерін атқаруға кірісетін күнді жақындату.

Бірінен соң бірі ғимаратқа амандықпен кіріп жатқан үміткерлерді шаңырақ иелері жылы қарсы алды. Сонымен, оларды үстел басынан орын алған Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Арман Дардаков таныстырып отырып, бағдарламаларымен таныстыру үшін сөз берді.

Қаламқас Абдрасимова экономика университетін есеп және аудит мамандығы бойынша аяқтаған. Қазіргі таңда Қушоқы кентінің әкімі аппаратында бөлім басшысы болып еңбек етеді.

Амангелді Қуаныш Есейұлы 2016 жылы Е.Букетов атындағы университеттің «Юриспруденция» мамандығы бойынша білім алып, Қарағанды транспорт прокуратурасының канцеляриясында маманның көмекшісі болып қызмет татқарған. Қазіргі уақытта Үштөбе ауылдық округінде бас маман болып еңбек етіп жүр.

Ахмедин Салауат Сағдатұлы экономика және бизнес, экономика саласында құқықтық реттеу – екі жоғары білім алған маман. Облысымыздың біршама мекемелерінде қызмет атқарған. Осы уақытта облыстың экономика басқармасында бөлім басшысы болып қызмет етеді.

Құрашев Ертарғын Қанатұлы Қарағанды экономикалық университетін қаржы мамандығы бойынша аяқтаған. Бірнеше жұмыс орнында абыройлы еңбек етіп, бүгінде Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарады.

Ргебаев Төлеген Жанатұлы экономика маманы және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек жолында жастармен жұмыс жасау орталығында, Керней ауылдық округінің әкімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, қазіргі таңда мәдениет үйінің басшысы қызметін атқарып жүр.

Тоқмырза Ерболат Тұрсынұлы Е.Букетов атындағы университеттің юриспруденция бөлімін тәмамдаған. Осы уақытта Бұқар жырау аудандық әкімдігінде құқықпен қамтамасыз ету бөлімінде қызмет етеді.

Шәкманов Нұркеш Нұрланұлы 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі таңда Доскей ауылдық әкімдігінде бөлім басшысы.

Бірінен соң бірі сөз алған мамандардың барлығы егер ауылдың әкімі болып тағайындалған жағдайда істі неден бастайтындарын, ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен, көлік тасымалымен, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету жолдарымен, елді мекен жанында төгілген қатты тұрмыстық қалдықтармен күрес жүргізу, ауылдағы спорт, мәдени шараларды жандандыру, ауылдың барлық жағдайын назарда ұстап, олардың дер кезінде шешілуін, болашаққа қадам басуын, өзі еңбек етіп жүрген елді мекенді отанымыздың гүлденіп тұрған бір бөлшегіне айналдыруға бар жастық оттары мен жігерлерін салатындарын айтады.

Үміткерлердің барлығы әртүрлі ұжымдарда еңбек етіп жүрген жандар. Осы уақытта өздеріне мол тәжірибе жинақтап, қарапайым адамдармен жылы қарым-қатынас жасауды меңгерген. Доскей ауылы қалаға жақын орналасқан ауыл, сондықтан әрбір ауыл адамы барынша сапалы, жайлы өмір сүргісі келеді.

Жиналғандар әрбір баяндамашыға сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суреттерінде: (оң жақтан) А.Дардаков, Ә.Көпбаева, Қ.Абдрасимова; жергілікті қоғамдастық.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?