Әкімнің қабылдауы өткізілді


19.03.2022

17 наурызда аудан әкімдігінің ғимаратында өңіріміздің басшысы Сержан Аймақов азаматтарды жеке қабылдады.

Аудан төңірегінде тұрып жатқан тұрғындар алдын ала қоңырау шалып, осы күнге жазылған болатын. Сағат 9.30-ға белгіленген қабылдауға бірінші болып Петровка ауылының Ленин көшесі, 77 үйінің байырғы тұрғыны Галина Сетжимилова келіп, бір ай бойы өзінің үйінде және көршілері - Ленин көшесі 44 үй және «Кристина» дүкені орналасқан Н.Әбдіров 84-і үйде құбырдың қатып қалуына байланысты судың жоқтығын айтады. Осы жерде мәселені шешудің жолдары қарастырылып, азаматтар кеңесіп, тығырықтан шығудың амалдары талқыланды.

Әрбір сұраққа қатысты саланың басшылары, ауыл әкімдері, аудан басшысы С.Аймақовпен бірге мәселені шешу жолдары бойынша кеңес құрды.

Әсел Бейсекеева, Зарина Төкебаева, Марина Мусина Әуезов көшесіндегі жалдамалы 11 үйдің тұрғындары үйлерінің суықтығына, терезелері мен балконнан суық соғып тұратынына, қабырғалардың көгеріп тұратынына  ренжулі. Олармен бірге осы үйді салып, кілтін тұрғындарға тапсырған мердігер Әбіқаев Жәнібектің орынбасары келіп, мәселені тыңдап, тұрғын үй инспекциясының басшысы А.Искаковамен бірге үйлердің жағдайын білуге баратын болып, алдағы уақыттарда орын алған ақауларды жөндеп беретіндері айтылды.

Ауданымыздың басшысы қабылдауға келген әрбір адамның мұқтаждығын тыңдап, заң аясында түсінік пен кеңес беріп, орынбасарлары мен тиісті мекеме басшысына тапсырмаларын беріп отырды. Кентімізде орналасқан Мұстафин көшесі, бірінші үйдің бесінші пәтерінде тұратын Гауһар Сарбокова үйінің төбесінен су ағатынын айтып, көмек сұрайды.

Төрт баласы бар ана қазір бала күтіміне байланысты демалыста екен. Кент әкімдігінде осының алдында басшы болған азаматтар оның баспанасын барып көріп, көмек қолын ұсынатындарын айтқан, алайда әлі күнге дейін ешбір қозғалыс жоқ дейді ана. С.Аймақов бірден ештеңе деп уәде бере алмайтынын, кеңесіп, демеушілер іздеп, көмек беруге тырысатынын, мәселе қадағалауда болатынын айтады. 

Ақтөбе ауылының тұрғындары Жұмашев Жанайдар баласы Жәнібекпен және Анаев Нұрадин ауыл әкімімен бірге кезектері бойынша кіріп, аудан әкіміне келген жағдайларын жайып салды. Бұл шаруалар Ақтөбе ауылынан жер алғысы келетіндерін айтады. Ақанов Нұрлыбек Петровка ауылынан шаруашылығын жүргізу үшін жер алғысы келеді екен.

Сержан Жанабекұлы бұл кісілерге конкурсқа қатысу үшін жиналатын құжаттарды заңгер жалдап, дайындау қажеттігін айтады.

Себебі, жұмысқа жақсы болғанымен шаруалардың кейбіреуі құжаттар жинауға шорқақ келеді, жинаған құжаттар пакетінде бір құжат жетіспесе немесе дұрыс болмаса, жер конкурсы өтер кезде ондай құжаттар шетке ысырылып тасталатынын түсіндірді.

Сергей Энс Ботақара кентінің тұрғыны, ол да ауыл шаруашылығын дамыту үшін жер телімін үлкейткісі келетінін айтады. Жас та болса жермен жұмыс істеп, бидай өсіріп, нарыққа шығарып жүрген жігіттің жоспарлары өте көп екен.

Көкпекті ауылынан келген Махбал Каукенова мен Ботақара кентінен зейнеткер ана Мәпен Ргебаева апатты жағдайдағы үйлерде тұратындарын айтады.

Мәпен апайдың үйінің жанына еріген қар суы жиналады екен. Кентіміздің тұрғыны Гауһар Бектасова апатты жағдайдағы үйін сатып жібергенін, енді мүгедектік бойынша жалдамалы пәтерге кезекке тұра аламын ба деген сұрағын қойды.

Бұл жағдайда ол кісінің баласы немесе келіні пәтер кезегіне тұруға болатыны жөнінде кеңес берілді.

Шешенқара ауылынан Асылжан Исин Үштөбе ауылынан жер алуға ниетті екенін айтса, Жастілек ауылының тұрғыны Ғалелхан Ахмедьянов Жастілек ауылындағы су тоғанын қалпына келтіруге ниеті бар екенін, ауылдықтарды емдеу үшін медбике керектігін, электр қуатының төмендеп кететінін, жолдың сапасын тілге тиек етті.  

Біріге отырып көтерілген мәселелердің шешімін табу жолдары іздестіріліп, алдағы уақытқа бағдар жасалды. Әрбір мәселені ауданымыздың басшысы өзінің бақылауына алатынын жеткізді.

Қ.Ахметова

 

Д.Торжановтың суреттерінде: өңір басшысы С.Аймақовтың тұрғындарды қабылдауынан көріністер.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?