Облыс әкімінің гранттары тапсырылды


31.12.2020

Желтоқсан айының 28-жұлдызында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Арман Дардаков облыс әкімінің гранты жеңімпаздарымен кездесіп, оларға сертификаттар табыстады.

- Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Жаңа жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін. Ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер, - деген ақ тілегімен грант тапсыру рәсімін бастады.

Кезегімен сертификаттарын алу үшін төрге озған жеңімпаздарға сүйсіне қарадық. Жас та болса – бас болып жүрген азаматтар мен азаматшалар білегін сыбана қазіргідей алмағайып уақытта ауданымыздың дамуына күштерін салуға талпынуда. Әр адамда бір жақсы істі атқару үшін алдымен ниет пайда болады. Жас адамның жүрегінде ниет болса - барлық жұмыс алға басады.

Динара Айдарова Үштөбе ауылдық округіне қарасты Сарыарқа ауылында тұрады. Оған «Тігін цехын ашу» үшін, Ғ.Мұстафин кентіне қарасты Нұра станциясының тұрғыны Талғат Түспеков «Көркем шыңдау», Ботақара кентінің тұрғыны Шерікбай Аққайың  кентімізде «Сувенирлік өнімдерді дайындау, қабырғаны әрлеу және скульптура жасау» бағдарламалары бойынша 1 миллион теңгеден облыс әкімінің қайтарымсыз грантына ие болды. Ал Жанұзақ Макишев еріктілер жұмысын белсенді атқарғаны, көпшіліктің басын бір арнаға тоғыстырып, жаңа идеяларын ортаға салғаны және адамдарға жанашырлығы үшін 300 мың теңгеге қол жеткізді.   

Грант алғандардың аттарынан Жанұзақ Макишев және Талғат Түспеков сөз алып, жеңіп алған қаражаттарымен қандай істерді жүзеге асыратындарын айтып берді.

Шараның қорытынды сәтінде Арман Шалиұлы грант иегерлеріне қолдарына түскен қаражатты орнымен пайдалануларына, ойға алған жұмыстарын жүзеге асыруларына ағалық ақ тілегін білдірді.

Қ.Ахметова

 

Д.Торжановтың суреттерінде: сертификат иелеріне тапсырылды.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?