Пәтер кілті табысталды


19.09.2020

Жаңаталап ауылында қуанышты оқиғалар көптеп орын алуда. Көп балалы ана Жамбай Розаға пәтер кілті табысталып, біз үйге кіргенде пәтер иесі келінімен бірге жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр екен.

- Мен отбасыммен бірнеше жылдан бері анаммен бір үйде тұрдым. Аудан және ауыл әкімдігі қамқорлығының арқасында осы өзіңіз көріп отырған пәтерге қол жеткізіп отырмыз. Бұған отбасымның барлығы, анам мен барша туған-туыстарым қуануда. Алған баспанам үшін мың алғысымды білдіремін, - дейді Роза бізбен әңгімесінде.

Барлық бөлмелерді аралап, біз де Розаның қуанышына ортақтастық. Құстың ұясындай, жарық, еңселі үйдің сыртына барып, жан-жағына көз тастадық. Жері өте үлкен, бағбандықпен айналысуға да, мал ұстауға да ыңғайлы екен.

Отбасы мүшелері туралы сұрағанымызда, қосағы Ауытхан көмір кенішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтінін, балалары Алпамыс Теміртау қаласында электр жүйесінің жөндеушісі, Таңатар токарь мамандығында оқитынын, Жәнібегі келін түсіріп, қолында тұратынын, қалған балалары мектеп жасында екенін айтады. Анасының үйі жақын, енді көрші болып тұратын болыпты.

Қуаныштарыңыз құтты болсын деген тілегімізді біз де білдірдік.

Қ.Ахметова

Д.Торжановтың суреті



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?