Өзіңді өзің қорға


03.06.2017

Тағы да бір оқу жылы мәресіне жетті. Алда - түрлі қызықтар мен қуаныштарға толы үш ай демалыс. Асыр салып ойнайтын күндеріне тезірек жетуді күткен балалардың жүрегі лүпілдей соғады.
Мамыр айының 24-жұлдызында мәдениет үйінің залында аудан орталығындағы екі мектептің төменгі сынып оқушылары үшін аудандық прокуратура және аудандық білім бөлімі бірлесе отырып, “Өзіңді-өзің қорға” атты семинар-тренинг өткізді.
2016 жылы елімізде балаларға қатысты 786  қылмыстық әрекеттер тіркелсе, оның 8 фактісі - балалардың ұрлануы болса, біздің облыс үлесіне 26 факті тиесілі екен.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ұйымдастырылған семинар тренингті Бұқар жырау аудандық прокуратурасының прокуроры Айжан Аринова өткізді.
Жиналған балалар сахнадағы слайдтардан үлкен адамдардың алдауы мен арбауына, тәттілер беріп, көлікке отырғызғылары келген жағдайда не істеу керек - осындай жағдайлардың алдын алу үшін қандай сөздер айту керек, қайта-қайта тәптіштеп, егжей-тегжейлі түсіндірді.
Ешкімге ешқашанда ата-аналарының телефон номерін, тұратын үйінің адресін айтпауды да ұғындырды. “Мен сенің ата-анаңды танимын, солардың айтуымен сені алып кетуге келдім” деген адамдар болса, “Мен сізді танымаймын және сізбен сөйлеспеймін” деп қысқа да нұсқа жауап беріп, бұрылып кетіп қалу қажет екенін түсіндірді.
Ойыншықтар, басқа да сыйлықтар бергелі жатса, оны да алудан бас тарту қажет екенін
тіпті ол қымбат скутер болған күнде де оған қызықпау керек екенін слайд арқылы саналарына сіңірді.
Жүргізуші семинар тақырыбына сай сұрақтар қойып, олардың жауаптарын балалардан алып жатты. Көпшілік балалар ата-аналарының тегін, телефон номерлерін жатқа білмейтіні анықталды араласу барысында.
Ұйымдастырушылардың әр баланың тағдырына деген үлкен алаңдаушылығын байқадық аталмыш семинарда.
Үлкен адамдар қолынан ұстап, әкетіп бара жатқан кезде қандай әрекет ету қажет, кішкентай бала үлкен адамның ешқандай шаруасына көмектесе алмайтыны, ол адамдар қандай да бір көмекті үлкен адамнан сұрауы қажеттігі де айтылды.
Семинар-тренингке қатысқан әрбір бала өзі үшін көп мағлұмат алып қайтты деп ойлаймыз.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суретінде:  залдан көрініс.



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?