Жол қозғалысы инспекторларының слеті


13.05.2017

Жуырда Ботақара кентіндегі Ю.Гагарин орта мектебінде ауданымыз бойынша дәстүрлі Жол қозғалысы инспекторларының 18-слеті өтті.
Байқауға қатысқан мектептердің оқушылары сап түзеп, салтанатты ашылу басталып кетті. Ең алдымен мемлекеттік туымыз аспанға көтеріліп, әнұранымыз шарықтады. Қолдарын жүректеріне қойып, әнұранды қосыла шырқаған балалардың көздерінен от көрдік.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Мәжитова өз сөзінде:
- Аудан аумағындағы жыл сайын өтетін дәстүрлі конкурста бәріңізге сәттілік тілеймін. Бүгінгі байқау сіздерді облыстық, республикалық сайыстарда жеңімпаз болуға бастасын,- деген лебіздерін білдірді.
Жергілікті полиция қызметінің басшысы Б.Кошеғұлов:
- Кезекті байқауға қатысушыларға сәтті қадамдар тілеймін. Өз білімдеріңізбен жан-жағыңыздағылармен бөлісіп, балалардың жол қозғалысын бұзбауын қадағалап, қатарларыңызды үнемі толықтырып жүріңіздер,-деген ағалық тілегін білдірді.
Саппен жүру, жол қозғалысы ережесінің білгірлері, велосипедті мәнерлі жүргізу, жас нұсқаушы, жас санитар, үгіт бригадасы, эрудит, ашық үзіліс сынды номинацияларға балалар оқудан тыс уақыттарда дайындалып, әжептәуір ысылып қалғаны байқалды. Сайысты өткізуге аудандық жол қозғалысы қызметкерлері, білім бөлімі мамандары бір адамдай қатысты. Әр номинацияға қазылар алқасы тағайындалып, олар оқушыларға әділ бағасын беріп отырды.
Білім бөлімінің әдіскері С.Алиленов:
- Шараның мақсаты - балалардың жолда абайлап жүруіне бағыт беру. Көлікпен байланысты қауіп-қатердің алдын алу,-деген болатын.
Мұнан соң байқау қызып сала берді. Әр топ белгіленген жерге барып, дайындығын көрсетіп, басқа номинация өтіп жатқан жерге асықты.
Керней орта мектебі тобының өз ауылдарында болған қайғылы жағдай - суға шомылып, велосипедпен жолдан өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен оқушы туралы көрінісі көзге жас әкелсе, Боранбаев атындағы негізгі мектебі оқушыларының көрінісі қазіргі таңда ақшалы ата-аналар балаларына көлік жүргізуге құжатты сатып алып беріп, олардың жолда жүру ережелерін  білмегендіктен, адамдарды қағып кетіп жататынын бейнелеп, ойға батырды.
Сайысқа қатысқан 23 мектеп оқушыларының ішінде 3-орынға Үштөбе, Дубовка, Гагарин орта мектептері, 2-орынға Березняки, №1 қазақ орта мектебі, 1-орынға Керней орта мектебі, бас жүлдеге Токаревка орта мектебі лайық деп танылды. 15 компьютер, ЭКСПО-ға 11 билет, картиналар байқауда үздік көрінген топтарға ұсынылды.
Осындай шаралар мектеп оқушыларының жүрек түкпірінде ұзақ жылдар сақталары сөзсіз.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреттерінде:



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?