- Оқиғалар
- Айдарлар
- Мерейтойыңмен, газетім!
- Реформа өміршең өзгерістер
- Балалар жылы
- Елбасы
- Халық санағы
- Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл
- COVID
- Жолдауға - қолдау
- Аудандық әкімдікте
- Қазақстандықтар табыс жолында
- Патриоттық тәрбие
- Мемлекеттік тіл – менің тілім
- Мемлекеттік қызметтер
- Құқықтық тәрбие
- Ақпараттық топ жұмысы
- Ардагерлерге - құрмет
- Еңбек адамы
- Деніңіз сау болсын
- Тұрғындар назарына
- Мектеп өмірінен
- Ауыл хабарлары
- АӨК және бизнес
- Рухани жаңғыру
- Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды
- Biz birgemiz
- Ресми
- Кәсіпкерлікті дамыту
- САЙЛАУ
- Дін
- Жемқорлықпен күрес
- Аудан жаңалықтары
- Истории успеха
- Тағы
«Жаз айындағы балалардың демалысы»
19.05.2023
Мамыр айының 15-жұлдызында С.Торайғыров атындағы тірек мектебінде Бұқар жырау аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаз айындағы балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында мектеп директорлараның, орынбасарлары мен ұстаздарының, Бұқар жырау аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау майоры В.Малышкиннің, аудандық білім бөлімі басшысы Қ.Оспанованың, Бұқар жырау ПБ ОМПС МББ аға инспекторы, полиция майоры В.Канинаның, Бұқар жырау аудандық ПБ бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі А.Садықовтың қатысуымен семинар өтті.
Семинар жұмысын білім бөлімінің басшысы Қ.Оспанова ашып берді.
- Жазғы демалыстың басталуымен жазатайым оқиғалар көп болады. Балалардың оқуы аяқталғанша біршама уақыт бар. Осы уақытта мектеп ұжымдары ата-аналармен, оқушылармен жиналыстар өткізіп, алдын алу жұмыстарын жүргізуіміз керек.
Көптен күткен каникул келіп жетті. Ата-ана жұмыста болған кезде балалары үйде қараусыз қалады. Алтын шуағын төккен күннің астында суға түсіп, жағада қыздырынғысы келген балалар үйде отыра алмасы анық. Сосын олар өзен жағасына бет алады. Немесе, қараусыз, бұзылып қалған ғимараттардың ішінде, төбесінде жүгіріп асыр салады. Міне, осындай жағдайлар балалардың өміріне қауіп төнуге алып келеді. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында өткен жиында ұстаздар үшін көптеген пайдалы ақпараттар айтылды.
Аталмыш семинарға Бұқар жырау аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Төлеуханов, аудандық Төтенше жағдай бөлімі басшысының міндетін атқарушы В.Малышкин, Бұқар жырау аудандық ПБ АМПС МББ аға инспекторы, полиция майоры В.Канина, аудандық ПБ жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі А.Садықов қатысты.
Білім бөлімінің маманы Айгерім Соян биылғы жылы жазғы демалыс үш бағыт бойынша жоспарлануда екендігі – мектеп жанындағы лагерьлер, шығармашылық жұмыспен қамту, жұмыспен қамту. Ауданның 43 мектебінде 5-маусымнан 25-тамызға дейін жұмыс жасайды. 32 мектеп жанындағы лагерьде 6567 оқушыны қамтитын болады. Оның 25-і ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балалар. Аз қамтылған отбасыдан шыққан 600 оқушы бір реттік тамақпен қамтылады. 11 бейінді алаңда 1548 оқушы оның бесеуі - ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар. Жалпы 8115 оқушы жазғы демалыспен қамтылатын болады, оның ішінде 30-ы ерекше білім берілуге тиіс балалар. Шығармашылық жұмыспен қамту тамақтандырусыз түрде жүзеге асырылады. Жазғы кезеңде жалпы 72 бейіндік үйірме мен қызығушылықтар бойынша үйірмелер ұйымдастырылады. Сонымен бірге оқушыларды қасиетті орындарға, тарихи ескерткіштерге т.б. апару жоспарланған. Бұқар жырау кесенесі, Қарағанды экологиялық мұражайы, хайуанаттар бағы, Қарағанды қаласындағы Абай атындағы балалар кітапханасына т.б. мекемелерге апару жоспарға енгізілген екен.
Жұмыспен қамту мақсатында еңбек бригадасы - «Жасыл ел» құрылады, оларға 8-11 сыныптарда оқитын 100 оқушы қамтылады. Қала сыртындағы жазғы лагерьлерге 100 баланы жіберу жоспарлануда.
Кезегімен сөз берілген сала басшылары өз қызметіне қатысты балаларды жазғы уақытта қауіпті жағдайлардан қорғау үшін қойылатын талаптармен, міндеттемелермен таныстырды. Жазғы уақытта балаларды жіберетін лагерьлердің инженерлік инфрақұрылымы тексеріліп, суды тұтынуға сұраныс артатындықтан, таза су құйып қоятын құтылар алдын ала дайындалуы тиіс. Иттер мен мысықтардың аумаққа кірмеуі үшін лагерьлер маңы қоршалып, оңашалануы керек. Дератизация және дезинсециялық жұмыстар атқарылуы үшін ол мекемелермен алдын ала келісімдер жасалуы керектігін айтты Жеңіс Төлеуханұлы.
Әрбір баяндамашының балалардың апатты жағдайға түсуі жолдарының алдын алу үшін алаңдаушылығын түсіндік.Түнгі уақытта ата-аналарымен бірге ғана жүруге болатынын, оқу орнына спиртті ішімдіктердің алып келінуі де кездесетін жағдай екендігін айтты В.Канина. А.Садықов осында жиналғандарды ұялы телефон арқылы алаяқтықтардан сақтану жолдарын айтты.
Ата-аналардың да осы уақытта өз балаларын апатты жағдайлардан қорғауға атсалысып, ұзақ уақытқа қараусыз қалдырмауға, бірге жүріп, өзендер мен көлдер, таулар маңайына саяхаттарға апаруға да септік көрсетулері керек деп ойлаймыз.
Қ.Ахметова
Д.Торжановтың суреттерінде: президиум; семинар жұмысы; Г.Әбілдаева баяндамасы.