«Абайлаңыз – балалар!»


11.09.2021

Оқу жылының басталуы қарсаңында балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу, сондай-ақ олардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында Бұқар жырау ауданының аумағында «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Жергілікті атқарушы органдармен, білім беру және денсаулық сақтау органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, басқа да мүдделі тұлғалармен бірлесіп, мектеп және мектепке дейінгі жалпы білім беру мекемелерінде 2021-2022 оқу жылына жарақаттанудың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Көлік құралдарының, жолаушы балалардың қатысуымен алдын алу және ескерту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп «Сіздің жолаушыңыз - бала!» профилактикалық акциясын өткізуді қамтамасыз етеді, оның мақсаты үгіт-насихат іс-шараларын, ата-аналар жиналыстарын т.б. өткізу жолымен жұртшылықтың, көлік құралдары жүргізушілерінің назарына қауіпсіздік белдіктерін және автомобиль салонында балаларды тасымалдау кезінде балаларды ұстап қалу құралдарын қолдану қажеттілігіне көзделген.

Бұқар жырау ауданының Полиция басқармасының жергілікті полиция бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары ауданның барлық жалпы білім беретін мектептерінде білім беру бөлімінің өкілдерімен бірлесіп жол қозғалысы Ережелері және оқушылар үшін сабаққа бару қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оқушылар үшін жол жүру ережелері туралы буклеттер, брошюралар дайындалып, таратылды.

“Балалар - біздің болашағымыз, олардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбеуі өте маңызды. Бала ерте жастан бастап жол ережелерін білуі қажет. Бүгінгі таңда бірінші сынып оқушылары жол қозғалысы Ережелері туралы түсінікке ие екенін атап өткім келеді, бұл балалардың отбасы мен балабақшасында олардың қауіпсіздігіне тиісті назар аударылғандығын білдіреді”, - деді аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Виктория Канина.

 

Ғ.Қазалиева,

Бұқар жырау ауданының ПБ ІСКТ жетекші маманы



Кері қайту

Тікелей желі 8 72154 21885 8 72154 21773
Бізге
жауап береді
Нөмірлер
мұрағаты

Сауалнама

Какая проблема района волнует Вас больше всего?